29
апрель
2020
Саяжай қамқоршысы
1 «Г» сынып оқушысы Амантайұлы Баубек атасының саяжайында болып, қолғабыс тигізгенді ұнатады. Күн жылынғалы саяжайда еңбек етіп әрі табиғат аясында таза ауамен тыныстауды әдетіне айналдырды. Әр сенбіде атасының қасынан табылады. Бірде бақша егілетін аймақты тазаласа, енді бірде жеміс ағаштарын егумен айналысты. Өз қолынан бірінші рет шие ағашын отырғызды, бүлдіргендерді көшіруге көмектесті. Үлкендер оны «кішкентай бағбанымыз» деп еркелетеді. Баубек күзде өзі отырғызған шиенің жемісін жеймін деп қуанып жүр.