«Гидропоника – өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісі» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » » «Гидропоника – өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісі»

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

31
март
2020

«Гидропоника – өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісі»

Мектеп оқушылары арасында зерттеу жұмысына ден қоюшылар саны жыл санап артуда. Оларды өсімдіктер мен жануарлар әлемі көбірек қызықтырады. Солардың бірі, 4 «В» сынып оқушысы – Ғабитқызы Мөлдір. «Гидропоника – өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісі» тақырыбында зерттеу жүргізген. Алдымен гидропондық ыдысты пластикалық бөтелкеден жасап, пиязды үй жағдайында өсірген. Эксперимент үшін пиязды топыраққа, ағаш ұнтағына және гидропондық ыдысқа отырғызады. Күнделікті өсімдікке бақылау жүргізе отырып, өсу сызбасын жасайды. Суда өскен пияздың 21 күнде қажетті межеге жеткенін байқайды. Қыс, көктем айларында адам ағзасына қажетті С дәруменіне бай пиязды шығынсыз, көп еңбек жұмсамай-ақ мектеп жағдайында өсіріп, асханада кәдеге жаратуға болатынына тоқталады. Гиропондық ыдыс арқылы алынатын өнімнің артықшылығын саралайды. Олар: гидропоникалық әдісті үйде қолдануға болады; пияз өсіру ресурстарды едәуір үнемдеп, жақсы өнім алуға мүмкіндік береді; өсірілген өнім сізді жыл бойына дәруменмен қамтамасыз етеді.

         Зерттеу барысында байқалғаны: аталған әдісті ағзаны пайдалы заттармен байытқысы келетін, денсаулығын жақсартатын, материалдық шығындарды азайтатын әрі пайдалы өсімдікті өсіргісі келетіндердің баршасы қолдана алады.

          Дүкенде сатып алынған пияз ұзақ уақыт сақталмайды және пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Үйде өсірілген пияз - бұл керемет әдіс! Ол әрдайым қолжетімді болады.



Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее