03
июнь
2020
LED-шамдардың пайдасы
Біздің жанұямыз үлкен. Тұратын үйіміз де кең. Үйде электр энергиясы көп мөлшерде жұмсалады. Электр энергиясы үшін айына 8000 теңге төлейтінбіз. Мектептегі «Жасыл экономика» акциясына қатысып, ұстаздарымыздан кеңес ала келе, үйдегі жарықты үнемдегіш жарық шамдарына ауыстырдық. LED шамдар өте үнемді, әрі көз жанарына да жақсы әсер етеді екен. Соңғы айларда электр энергиясына 5000-5500 теңге төлейтін болдық. Отбасылық бюджетті үнемдеуге мүмкіндік алдық. Сіздерді де осы үнемді жарық шамдарын қолдануға шақырамыз.