Электр энергиясын үнемдеу
Қазіргі техниканың дамыған кезінде тұрмыстық қажеттілікті электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Электр қуатын үнемді пайдалану әр адамның міндеті деп санаймын.
Дәстүрлі қолданыстағы шамдардың қуаты 100. 120, 150 вт. Бұл шамдар жарық берумен қатар өз бойынан жылу мөлшерін көп шығарып, өрт қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Қуаты жоғары болғандықтан шам қондырғылары тез істен шығады. Ал, қазіргі диодты шамдар дәстүрлі шамдарға қарағанда 10 есе аз энергияны тұтынады. Тұтынушы жарық үнемдеу үшін төменгі қуатты диодты шамдарды пайдалануға тырысады. Диодты шамдар істен шыққан жағдайда, арнаулы орындарға өткізілуі тиіс. Дәстүрлі шамдарды қолданған кезде, ай сайын 2800 тг. төлейтін болсақ, қазір LED шамдарды пайдалана отырып, отбасы бюджетін 1100 тг дейін кемітуге мүмкіндік алдық. Диодты LED шамдарды қолдана отырып, электр энергиясын да, отбасы бюджетін де үнемдеуге болады.
