«Оқуға құштар мектептер - оқуға құштар ұлт» республикалық жобасы аясындағы істер
№3 жалпы орта білім беру мектебінде 2018 жылдан бастап «Табысты оқу» жобасы жүзеге асып келеді. Педагогикалық ұжым бұл бастаманы бірден қолдап белсенділік танытуда. Мектепте қалалық деңгейде оқылған кітаптар бойынша RED-х форматында конференциялар дәстүрге айналды. Оған жоғары сынып оқушылары мен педагогтар қатысып келеді. «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар - білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені, сонымен қатар мемлекет басшысы электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды деді. Мектеп кітапханашылары ұсынған кітаптарды әр жиындардаоқудан бастаймыз, ұстаздардың пікір алмасуымен жалғастырамыз. Бұл ұжымдық оқу тәсілінің бір көрінісі. Сонымен қатар оқу жылында мұғалімдер Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік-нұсқау хатында ұсынылған кітаптарды оқиды. Қашықтықтан оқыту жағдайында мектептің ортақ чатында пікірлерімен бөлісіп келеді.
Соның бірі ағылшын тілі пәні бірлестігі келесідей кітаптарды оқуға кеңес береді:
1.
Кітапта сіздің кез-келген іс-әрекетіңізді мүмкіндігінше тиімді ететін 42 ереже бар. Бұл
ережелер оңай болған жоқ: олар біздің педагогикалық тәжірибемізге ғана емес,сонымен қатар ғылыми зерттеулерге, жеке тәжірибелерімізге және балаларымыздыөсіру мен оқыту тәжірибесіне, сондай-ақ кез-келген адамның тиімділігін арттырутуралы шексіз дәлелдерге негізделген адамның жұмысы.
2.
"Жүрекпен тәрбиелеу" кітабында белгілі психолог және білім беру саласының маманы Альфи Кон мынадай сұрақтар бойынша түсінік береді: «Балаларға не қажет?» және « Өзінің қажетіне жетуде қандай көмек бере аламыз? "Автор баланың негізгі қажеттіліктерінің бірі - сүйікті болу және қателік жасаса да, оның қабылданатынын түсіну керектігі жайында жазған. Альфи Кон тәрбие туралы маңызды мәселелерді айтып қана қоймайды, сонымен қатар дені сау, жауапты және бақытты адамды тәрбиелеуге көмектесетін практикалық стратегияларын ұсынады.
3.
ЮлияБорисовна Гиппенрейтер
«Баламенсөйлесу. Қалай?»
Кітапта баламен сөйлесу бойынша оңай кеңестер беріледі және қиын балаларды түзету жолдары мен амалдары таныстырылады. Кеңестік және батыстық мамандар пікірінің ұтымды үйлесімі ұсынылады. Оқу барысында әдетте байқамайтын немесе қоғамда қалыпты саналатын қателіктеріңізді түсіне аласыз. Баламен тіл табысқысы келетін әрбір жанға осы кітапты оқуға кеңес береміз.
Ағылшын пәні мұғалімдерінің ӘБ