Анаммен сэлфи
Ана – әлемнің шамшырағы, бесіктің иесі, өмірдің керегесі. Анаға қанша тілек, қанша мақтау мен алғыс айтсақ та, аз емес. Анаға жылы да жұмсақ сөз айтуды, алғыс білдіру мен мейірім танытуды ешқашан ұмытпайық. Ананың аялы алақаны мен жылы жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да біздің аяулы аналарымыз аман болсын.