"Қарты бар елдің қазынасы бар" атты тәрбие сағаты өткізілді
1-қазан "Қарттар мерекесіне" орай 2 "Б" сыныбында Қарты бар елдің қазынасы бар атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларымызды үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу; Қарияларымыздың ақыл-өсиеттері арқылы жігерлі, қайратты болуға, еңбекқорлыққа баулу. Тәрбие сағатына 2-ші сынып оқушысы Динаның атасы Максұтқан Айтқалиұлы шақырылды. Ата өзінің өмір тарихымен бөлісіп, ал оқушылар болса атаға тақпақтарын айтып, тілектерін білдірді.