О нас » Страница 13 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті.
20
март
2025
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен биден шашу шашты. Оқушылар асық ату, арқан тартудан бақ сынасты. Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде әлі де тойлануда. Әріптестерімізді, ата-аналарды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз.
«КҮЙ КҮМБІРІ” Республикалық домбырашылар челленджі өтті.
20
март
2025
«КҮЙ КҮМБІРІ” Республикалық домбырашылар челленджі өтті.
[media=https://youtube.com/shorts/fFOc2ZHGGbY?si=Lxd_9sJEp7yvefLu]2025 жылғы 20 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де мектебімізде Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ” Республикалық домбырашылар челленджі өтті. Dombra-challenge-дің мақсаты – өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттың мәдени мұрасын сақтау және тарату, дәуірлік аспап – домбырада ойнауды кеңінен насихаттау.
"Әз-Наурыз» мерекелік ұлттық ойындар сайысы өтті
20
март
2025
"Әз-Наурыз» мерекелік ұлттық ойындар сайысы өтті
2- сыныптар арасында "Әз-Наурыз» мерекелік ұлттық ойындар сайысы өтті. Сыныптағы барлық бала ойындарға қамтылды.  «Қол күрес»,«Арқан тартыс»,«Асық ату»,«Ақсерек көксерек»  ойындары ойналды.«Қара жорға» сергіту сәті жасалды.
«Екі жұлдыз» - мектепішілік мұғалім мен оқушы арасында ән байқауы өтті.
20
март
2025
«Екі жұлдыз» - мектепішілік мұғалім мен оқушы арасында ән байқауы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, наурыз мерекесінің жоспарына сәйкес 2025 жылдың 20 наурыз күні «Екі жұлдыз» - мектепішілік мұғалім мен оқушы арасында ән байқауы өтті. «Екі жұлдыз» - ұстаз бен оқушыларға  ән айтуды үйрететін, патриоттық тәрбие беретін жоба. Жобада 6 жұп қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Осындай байқауға қатысып,өз өнерлерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін көрсеткендері үшін мұғалімдерімізге алғыс айтамыз!
19 наурыз - Жаңару күні
19
март
2025
19 наурыз - Жаңару күні
19 наурыз - Жаңару күні Ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда. Бұл күні сөзбе-сөз мағынада да, қоғамдық-саяси тұрғыда да “Өмірдің жаңаруын” бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылады. ”Жаңару” күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға, туған жердің табиғатын көркейтуге өз үлесін қосуға үндейді. БАРШАҢЫЗДЫ КӨКТЕМГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫНА БІРГЕ АТСАЛЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
19 наурыз күні мектеп оқушылары арасында «Бес табан», «Бес асық ойындарын ұлттық киімде ойнау челленджі ұйымдастырылды.
19
март
2025
19 наурыз күні мектеп оқушылары арасында «Бес табан», «Бес асық
[media=https://youtube.com/shorts/dDlNZxblvyw?si=DgEr5_IhcyBsoQjF] 19 наурыз күні мектеп оқушылары арасында «Бес табан», «Бес асық ойындарын ұлттық киімде ойнау челленджі ұйымдастырылды. 
"Айгөлек" би байқауы
19
март
2025
"Айгөлек" би байқауы
Би өнерін оқушылар арасында кеңінен насихаттап, би қимылдарының орындалу шеберліктерін, балалардың көркем шығармашылығын дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыру, түрлі би қойылымдарын көрсету арқылы би өнерін насихаттау, өз елінің ұлттық,  құндылықтарын бағалайтын азаматты тәрбиелеу мақсатында 5-10 сынып окушылары арасында мектепішілік "Айгөлек" би байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар белсене катысып, жүлделі орындармен марапатталды.
Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз - Ұлттық киім күні.
18
март
2025
Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз - Ұлттық киім күні.
Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз - Ұлттық киім күні. ⚜️Ұлттық киім - қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек. ⚜️Қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен, ерекшелігімен ғасырлар бойы тамсандырып келеді. ⚜️Бүгін - халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігіне, қайталанбас
Наурызнама онкүндігі аясында бүгін — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген.
17
март
2025
Наурызнама онкүндігі аясында бүгін — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр
Наурызнама онкүндігі аясында бүгін — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде қазақтың бай мәдени мұрасы, ұлттық құндылықтары мен дәстүрлері насихатталады. Наурыз мейрамында дастарқанда тағам мол болса, сол жылы ақ мол болады деген ырым бар. Сондықтан ақ жаулықты аналарымыз дастарқанда тағамның көп болуына баса мән берген.Ақ тағамдарға қымыз, шұбат, сиыр, қой-ешкі сүтінен жасалған айран, құрт, ірімшік, сүзбе, қаймақ, малта, ежігей, ақлақ,
Бүгін Наурызнама мейрамының үшінші күні.
17
март
2025
Бүгін Наурызнама мейрамының үшінші күні.
Бүгін Наурызнама мейрамының үшінші күні. Бұл ұлттық және отбасылық салт-дәстүрлерді сақтауға және насихаттауға арналған мерекелі күн. Бұл күн сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, анаға құрмет және ұрпақ сүю сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған. [media=https://youtube.com/shorts/FL_t3lyg9Jw?si=Q_dogxnYGcbPV_dn][media=https://youtube.com/shorts/FL_t3lyg9Jw?si=A9ftnTkPHVUrYhOW][media=https://youtube.com/shorts/3NziFOrPkZ8?si=paGwahMR6CLDdWUH]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее