О нас » Страница 30 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

08.11.24ж. “Поэзия әлемі” клубы өзінің кезекті жұмысы Ілияс Жансүгіровтың шығармашлығына арналды.
08
ноябрь
2024
08.11.24ж. “Поэзия әлемі” клубы өзінің кезекті жұмысы Ілияс
08.11.24ж. “Поэзия әлемі” клубы өзінің кезекті жұмысы Ілияс Жансүгіровтың шығармашлығына арналды. Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы.
“Мағжан сүйген жастармыз” үйірмесінің 5 “В” сынып оқушысы Қамбарова Айсана Мағжан Жұмабаевтың “Түркістан” өлеңінен үзінді оқыды.
08
ноябрь
2024
“Мағжан сүйген жастармыз” үйірмесінің 5 “В” сынып оқушысы Қамбарова
“Мағжан сүйген жастармыз” үйірмесінің 5 “В” сынып оқушысы Қамбарова Айсана Мағжан Жұмабаевтың “Түркістан” өлеңінен үзінді оқыды.  Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой деп, Түркістан деп қазіргі еліміздің оңтүстігінде орналасқан қаланы емес, күллі Дешті Қыпшақ даласын, қазіргі Қазақстан территориясын айтып отырғаны белгілі. Ғасырлар қойнауына көз жүгіртсек, Азия мен Еуропаға ашылатын қақпа, кезіндегі Ұлы Жібек жолында Қытай мен Византияны, Үндістан мен Ағылшын, француз елдерін бір-бірімен
Талапкерлер үшін жақсы білім ордасын таңдау - маңызды әрі жауапкершілігі мол қадамдардың бірі.
06
ноябрь
2024
Талапкерлер үшін жақсы білім ордасын таңдау - маңызды әрі
Талапкерлер үшін жақсы білім ордасын таңдау - маңызды әрі жауапкершілігі мол қадамдардың бірі. Өйткені, студенттің қазір оқып жатқан жоғарғы оқу орнының рейтингісі, білім беру сапасы оныңболашақта қандай маман иесі болып шығарына тікелей байланысты.  Алған білімің сапалы болып, студенттік өмірің тиімді өтіп, төрт жыл уақытыңды зая кетірмес үшін әу баста дұрыс университет қарастырған жөн. Мектебімізде кәсіби бағыт бағдар беру мақсатында 25 қыркүйек-20 қазан аралығында  KIMEP university, 
Апталық мотивациялық челлендж өтті
06
ноябрь
2024
Апталық мотивациялық челлендж өтті
06.11.2024 күні мектебіміздің, педагогтерінің арасындағы қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш- қуат жинау, позитивті көңіл - кдомсыйлау мақсатында мектеп тәлімгері  Асхатова Кәмшат Асхатқызының ұйымдастыруымен апталық мотивациялық челлендж өтті  Ұстаздар белсенділік танытып,жоғары деңгейде қатысты. Келесі мотивациялық челлендж қазақ тілі пәні мұғалімі Ақнұр Нұрланқызына берілді. Апта сәттілікке толы болсын!
Қорытынды аттестаттауға дайындық
01
ноябрь
2024
Қорытынды аттестаттауға дайындық
Күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектепішілік жоспарына сәйкес 11 сыныптарда қорытынды аттестаттауға дайындық бойынш ақосымша сабақтар ұйымдастырылды. Сабақтар ұсынылған кестеге сәйкес қазақ тілі, математика және таңдау пәндерінен (физика, ағылшын тілі, биология, география, дүние жүзі тарихы, химия, құқық негіздері) өткізілді.
"Сабақтағы іс-әрекетті зерттеу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, функционалдық сауаттылығын дамыту"әдістемелік тақырыбы бойынша  педагогикалық кеңес
01
ноябрь
2024
"Сабақтағы іс-әрекетті зерттеу арқылы оқушылардың білім сапасын
1 қараша күні педагогикалық кеңесте "Сабақтағы іс-әрекетті зерттеу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, функционалдық сауаттылығын дамыту"әдістемелік тақырыбы бойынша бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәні  бірлестігі ұстаздары тәжірибе бөлісті.Бастауыш сынып ұстаздары оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы жаңа әдіс –тәсілдерге тоқталып, топтарға Абайдың қара сөздерін «Сахналау», «Денотатты граф», «Оюлар текеметі», «Тұжырымдау», «ҰТМП» әдістері бойынша тапсырмалар
«Кітап — әлемдегі құпиялы  ғажайыптардың бірі» атты READ- x   оқырмандар конференциясы
31
октябрь
2024
«Кітап — әлемдегі құпиялы ғажайыптардың бірі» атты READ- x
«Кітап — әлемдегі құпиялы  ғажайыптардың бірі» атты READ- x   оқырмандар конференциясы  31қазан күні мектебімізде  «Кітап — әлемдегі құпиялы  ғажайыптардың бірі» атты READ- x   оқырмандар конференциясы өтті.   REАD- х негізгі мақсаты – оқыған көркем шығарманы қызықты, әсерлі әрі әзіл – қалжыңмен жеткізе білу. Бір есеппен дарындылығы мен шешендігін, шеберлігін байқатып ойын жүйелі жеткізу. Жақсы көңіл – күйде жан дүниең рухани ләззат алатын орта қалыптастыру. Бұл жолғы READ-Х конференциясына 9
«Lesson study – сабақты зерттеу әдісі» тақырыбында коучинг өткізілді
29
октябрь
2024
«Lesson study – сабақты зерттеу әдісі» тақырыбында коучинг өткізілді
Мектебімізде мектеп тренерлері Казангапова А.К, Серикболова Б.С , Нургалиева А.Т ұйымдастыруымен  «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі» тақырыбында коучинг өткізілді.Мақсаты: «Lesson Study» тәсілі арқылы сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен білім сапасын арттыру. Коучинг барысында ұстаздар инновациялық педагогикалық тәсілдерін жетілдіруге және оның сапасын арттыруға мүмкіндік алды. Ұстаздар топтарға бөлініп, постерлар қорғап, кері байланыстар берді.
Күзгі демалыс жоспарына  сай 29 қазан күні  мектебімізде барлық бірлестіктерде әдістемелік  бірлестік отырысы өткізілді.
29
октябрь
2024
Күзгі демалыс жоспарына сай 29 қазан күні мектебімізде барлық
Күзгі демалыс жоспарына  сай 29 қазан күні  мектебімізде барлық бірлестіктерде әдістемелік  бірлестік отырысы өткізілді.  Қаралған сұрақтар 1. І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасына талдау. 2. Аттестаттауға баратын мұғалімдердің кәсіби байқауларға,конференциялар мен семинарларға қатысу сапасы.Әр аттестаттаудан өтетін ұстаз жұмысы бойынша есеп берді. 3. Олимпиада резервімен жұмыс.Оқушылардың қалалық пәндік олимпиадаға дайындығы. 4. Пәндік апталықтардың жоспары, нәтижесін талдау. 5.
Апталық мотивациялық челлендж өтті
15
октябрь
2024
Апталық мотивациялық челлендж өтті
15.10.2024 күні мектебіміздің, педагогтерінің арасындағы қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш- қуат жинау, позитивті көңіл - кдомсыйлау мақсатында химия пәнінің мұғалімі Даукенова Майра Сержанқызының ұйымдастыруымен апталық мотивациялық челлендж өтті. Ұстаздар белсенділік танытып, ойындарға жоғары деңгейде қатысты. Апта сәттілікке толы болсын [media=https://youtube.com/shorts/AI4BkkMb8cw?si=7cERGEm70Cpzxiob]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее