3–10 сынып білім алушыларына арналған мазмұнды танымдық сағат » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 3–10 сынып білім алушыларына арналған мазмұнды танымдық сағат

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

18
февраль
2026

3–10 сынып білім алушыларына арналған мазмұнды танымдық сағат

Бүгін мектебімізде ерекше танымдық кездесу өтті. Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері арнайы келіп, 3–10 сынып білім алушыларына арналған мазмұнды танымдық сағаттар мен көшпелі көрме ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушыларға туған өлкенің бай тарихы, мәдени мұрасы, археологиялық және этнографиялық құндылықтары туралы кеңінен мәлімет берілді. Көрмеге қойылған тарихи жәдігерлер, көне тұрмыстық бұйымдар мен құжаттар білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Мұражай қызметкерлері әр жас ерекшелігіне сай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Танымдық сағаттар барысында балалар туған жер тарихын құрметтеудің маңызын түсініп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырды.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтып, тарихи санасын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.

https://www.instagram.com/reel/DU6BB5uEkqP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее