«Эмоциялық интеллект – сынып жетекшінің басты құралы» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Эмоциялық интеллект – сынып жетекшінің басты құралы» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

10
апрель
2026

«Эмоциялық интеллект – сынып жетекшінің басты құралы» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті.

10.04 күні мектебімізде сынып жетекшілеріне арналған «Эмоциялық интеллект – сынып жетекшінің басты құралы» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты – мұғалімдердің эмоциялық интеллект туралы түсінігін кеңейту, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнатудағы маңызын көрсету және эмоционалды қолайлы орта қалыптастыру жолдарын ұсыну болды. Шара барысында эмоциялық интеллект ұғымы, оның құрылымы мен негізгі компоненттері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, нейропедагогика негізінде мидағы амигдала («эмоциялық күзетші») мен префронталды кортекстің («дана директор») жұмыс істеу ерекшеліктері түсіндіріліп, ұлы Абайдың «Ашу — ашыған у, ақыл — шипалы су» деген қағидасымен ұштастырылды. Қатысушылар оқушының миы тек эмоционалды қауіпсіз ортада ғана білімді толық сіңіре алатынын ғылыми тұрғыдан ұғынып, эмоцияны басқару мен эмпатия танытудың педагогикалық маңызын талқылады. Семинар барысында «Эмоциялық хамелеон» және «Позитивті қайта жақтау» сияқты практикалық жаттығулар орындалып, мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Тренингтің шарықтау шегінде йод пен С дәруменінің қатысуымен өткен химиялық тәжірибе ұстаздың бір ғана жылы сөзі мен шынайы қолдауының бала жанындағы негативті қалай сейілтетінін көрнекі түрде дәлелдеді. Нәтижесінде қатысушылар эмоциялық интеллектінің педагогикалық қызметтегі маңызын терең түсініп, оны күнделікті тәрбие жұмысында қолданудың тиімді жолдарын меңгерді және мектептің ең алдымен эмоционалдық кеңістік екендігіне көз жеткізді. Өткізген: ӘБ сынып жетекшілері, 11 сынып жетекшілері.

https://www.instagram.com/p/DW-fhT8Eix8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​