04
сентябрь
2026
«Бала әлемін түсіну, қолдау, қорғау» тақырыбында облыстық ата-аналар сессиясы өтті
3.09.2026 ж. мектебімізде мектеплды «Бала әлемін түсіну, қолдау, қорғау» тақырыбында облыстық ата-аналар сессиясы өтті. Маңызды бас қосуға психологтар, ата-аналар, білім беру ұйымдарының өкілдері және педагогтер қатысты. Сессияның негізгі мақсаты – отбасы мен білім беру ұйымы арасындағы серіктестікті нығайту, бала мен ата-ана арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту, балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.
Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер кеңінен қозғалды. Атап айтқанда, баланың эмоционалдық қажеттіліктерін түсіну, оның пікірін тыңдау, қиын жағдайларда қолдау көрсету. Балаға көрсетілетін қолдау ең алдымен отбасынан басталатыны атап өтілді. Баланың өзін қауіпсіз әрі маңызды сезінуі үшін ата-ананың жылы сөзі, назары мен түсіністігі аса қажет. Баланы тек жетістігі үшін емес, тұлға ретінде қабылдау – оның сенімді, жауапкершілігі жоғары болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды фактор.
Сондай-ақ кездесуде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар сөз болды. Тақырыптық кездесулер мен пікір алмасулар барысында ата-аналар өзде ат салысты.
https://www.instagram.com/reel/Dc-s-dEoobI/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==