Құрметті ата-аналар! » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

02
сентябрь
2026

Құрметті ата-аналар!

Мектептің Қамқоршылық кеңесіне  жаңа мүшелерді қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Егер сіз мектеп өміріне белсене араласып, балаларымыздың сапалы білім алып, қауіпсіз ортада өсуіне өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, Кеңес құрамына өтуге өтінім бере аласыз.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты: Мектептің дамуына үлес қосу, оқу-тәрбие процесін жақсартуға көмектесу, мектеп инфрақұрылымын жаңарту бастамаларын қолдау және білім беру ортасын қауіпсіз әрі жайлы ету.
Кеңес мүшелігіне кімдер қабылданады?
-    Белсенді әрі мектеп өміріне бейжай қарамайтын ата-аналар;-    Қоғам өкілдері мен демеушілер.Қажетті құжаттар / талаптар:
1.    Өтініш (үлгісі мектепте немесе сайтта беріледі);2.    Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;3.    Қысқаша өзіңіз туралы мәлімет (түйіндеме).Мүшелікке өтінім беру мерзімі:
📅 Күні:  3–16 қыркүйек аралығы
18 қыркүйек күні сағат 18:00-де мектепте Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын сайлау бойынша ашық жиналыс өтеді. Жиналыс барысында кеңестің негізгі мақсаттары таныстырылып, кандидаттар арасынан жаңа мүшелер дауыс беру арқылы сайланады. Мектебіміздің дамуына бейжай қарамайтын барша ата-аналар мен қоғам өкілдерін таңдау жиналысына белсене қатысуға шақырамыз!
Толық ақпарат алу үшін және сұрақтар бойынша:
📞 Байланыс телефоны: 87222541292