3–10 сынып білім алушыларына арналған мазмұнды танымдық сағат
Бүгін мектебімізде ерекше танымдық кездесу өтті. Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері арнайы келіп, 3–10 сынып білім алушыларына арналған мазмұнды танымдық сағаттар мен көшпелі көрме ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушыларға туған өлкенің бай тарихы, мәдени мұрасы, археологиялық және этнографиялық құндылықтары туралы кеңінен мәлімет берілді. Көрмеге қойылған тарихи жәдігерлер, көне тұрмыстық бұйымдар мен құжаттар білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.