Ақпарат » Страница 211 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"Аңыз бенен ертегі еліктіре ертеді" атты кітапханалық сабақ ұйымдастырылды
01
ноябрь
2021
"Аңыз бенен ертегі еліктіре ертеді" атты кітапханалық сабақ
"Оқуға құштар мнктеп" жобасы аясында" №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасында "Аңыз бенен ертегі еліктіре ертеді" атты кітапханалық сабақ ұйымдастырылды.Оқырмандарды ертегідегі кейіпкерлердің рөлінде ойната отырып, тіл байлықтарын дамыту мақсатында 3D кітабын пайдалана отырып ойын түрінде өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары бұл сабақты жақсы көңіл күйде атқарып, нәтижесінде оқырман болып   тіркеліп, үйге оқығанға ертегілер жаздыртып алды.
Мектеп ұжымы Даму жоспарын жүзеге асыру жолында...
01
ноябрь
2021
Мектеп ұжымы Даму жоспарын жүзеге асыру жолында...
Мектептің 2021-2022 оқу жылындағы Даму жоспарының басымдылықтарына сәйкес  «Мектеп мәдениеті» атты кіріспе коучинг өткізілді. Мақсаты: Мектеп мәдениетінің негізін айқындау. Коучингке қатысушылар Даму тобының құрамына кірді. Жұмыс барысында мұғалімдер мектеп мәдениеті туралы әдебиеттермен, педагогикалық басылымдардағы сипаттамаларымен танысты. Бірінші идеясы көшбасшылық. Мектеп - ұжымдық ақыл ой тұжырымдамасы емес , алдымен әр жеке тұлғаның басында жаңа ой мен сенім қалыптасады, ол
"Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу"
01
ноябрь
2021
"Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу"
"Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
28
октябрь
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "3ЖОББМК" кітапханасында 10"Б" сынып оқушыларымен дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың 110 жылдығына байланысты " Өзге емес,өзім айтам өз жайымды" атты поэзиялық сағат өтті.Оқушылар ақынның өмір жолымен танысып,өлеңдерін оқыды.
"Зиянды әдеттен аулақ бол!" тақырыбында дөңгелек үстел
27
октябрь
2021
"Зиянды әдеттен аулақ бол!" тақырыбында дөңгелек үстел
27.10.2021 ж.  5-6 сынып   ұлдарына "Зиянды әдеттен аулақ бол!" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты:  жасөспірім оқушыларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы толық  мағлұматтар бере отырып, олардан бойын аулақтату. Санитарлық-гигиеналық талапқа сай таза жүруге, адамгершілікке  және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу болып табылды. Іс - шара барысында ЗПБ ЖПҚБ КТІЖБ аға учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Шалғынбаева Қ.Н., мектеп мед.бикесі Қожабекова Б.К., мектеп психологы
«Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойыны
27
октябрь
2021
«Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойыны
 «Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойынының кезекті саны 2-сыныптар арасында өтті. Бұл жолы қатысушылар «Алғырлар», «Тапқырлар», «Зеректер» командасына бөлініп, өз сыныптарының намысы үшін емес, сол жерде құрылған жаңа топтарының намысы үшін тартысқа түсті.  Оқушылар басқа сынып оқушыларымен ойларын біріктіруге, достасуға мүмкіндік алды. 1-кезең –  «Жұмбақтар сыр шертеді», әр топ өзіне берілген жұмбақтарды жауабымен (сурет арқылы) сәйкестендірді. 2-кезең –  «Сен білесің бе?», аудио арқылы мәтін
"Даналық әліппесі" атты кітапханалық сабақ
26
октябрь
2021
"Даналық әліппесі" атты кітапханалық сабақ
" Оқуға құштар мектеп" жобасы" аясында" №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасында 1" б" сынып оқушыларымен " Даналық әліппесі" атты кітапханалық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты:  Халқымыздың жыр дастандарын, ән - күйлері мен аңыз - әңгімелерін, шешендік сөздері мен бата - тілектерінен тұратын, " сыйқырлы қалам" мен оқылатын шығармалар еніп отыр. Оқушылар " сыйқырлы қаламды" қолданып ертегі оқып, ән, домбырамен орындалған күйлерді тыңдады
"Мәңгілік бала бейне" драмасын көріп қайтқан сыныптардың кері байланыстары
21
октябрь
2021
"Мәңгілік бала бейне" драмасын көріп қайтқан сыныптардың кері
Шын мəнінде, Жүсіпбек Аймауытов  айтқандай «... театр е рмек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны». Оған қоса театр сізге шынайы адамдардың болмысын көрсетеді. Олармен байланысқа түсуді, өз өміріміз жайлы ойлануды талап етеді. Ең маңыздысы театрға барған жан ерекше сезімге бөлене алады, жүрегімен тілдеседі. Қызық комедияға барар болсаңыз күлмей немесе драмаға бара қалсаңыз жыламай ол жерден кете алмаймыз. Себебі ондағы барлық дүние- шынайы.
Қазан айының соңғы күндерінде 4-сыныптар арасында
21
октябрь
2021
Қазан айының соңғы күндерінде 4-сыныптар арасында
 «Алтын ұрпақ» интеллектуалды ойыны өтті. 4 «А» сыныбы «Тапқырлар», 4 «Б» сыныбы «Алғырлар», 4 «В» сыныбы «Ойшылдар» тобы болып, төрт кезең бойынша сайысқа түсті. 1-кезең « Қызық екен». Таблодан «Тұлғаны тани біл», «Сиқырлы сандар», «Ғажайып табиғат», «Сөз сыры» бөлімдерін кезектесе таңдап, сұраққа жуап берді. 2-кезең  «Зерделі». Су мен сүт, су мен топырақ, су мен тұз ресурстарын пайдалана отырып, зерттеу жұмысына бағытталған эксперимент жасау тапсырмасын орындады, пікірлерін дәлелдеді. 3-кезең
«Алтын ұрпақ» интеллектуалдық  ойыны
21
октябрь
2021
«Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойыны
Мектебімізде осы оқу жылынан аталған ойынды жүйелі жүргізу қолға алынды. Ойын айына 1 рет параллель сыныптар арасында ұйымдастырылады. Әр сыныптан 4 оқушыдан қатысады;топ мүшелерін ай сайын ауыстыру арқылы сынып оқушыларын толық  қамту  көзделеді; әр топтың аты, ұраны, атрибуттары болады.Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталады. Жыл соңында бірнеше рет жеңімпаз топ шыққан сынып бағалы сыйлықпен марапатталады. Ойынның мақсаты:   оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе