Ақпарат » Страница 6 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

«Наурыз- берекем, Наурыз- мерекем» атты сыныптық тәрбие сағаттары
19
март
2026
«Наурыз- берекем, Наурыз- мерекем» атты сыныптық тәрбие сағаттары
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі.🌷 🌺Мектебімізде 5-11 сынып оқушылары үшін «Наурыз- берекем, Наурыз- мерекем» атты сыныптық тәрбие сағаттары өткізілді. Балалар мерекенің тарихы мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйреніп, ұлттық ойындар мен шараларға белсенді қатысты. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі – достық пен бірлікті, жаңа бастамаларды дәріптейтін ерекше күн. Оқушылар мерекелік атмосферада көңілді уақыт өткізіп, бір-біріне ізгі тілектер білдірді. 🎯Мақсаты: Наурыздың тарихы мен дәстүрін
“Қош келдің, әз Наурыз!” атты сыныптық тәрбие сағаттары өтті
19
март
2026
“Қош келдің, әз Наурыз!” атты сыныптық тәрбие сағаттары өтті
Наурыз мерекесіне орай мектебімізде 1-4 сынып оқушылары үшін “Қош келдің, әз Наурыз!” атты сыныптық тәрбие сағаттары өтті. Балалар қазақтың салт-дәстүрлерімен танысып, мерекелік ойындарға қатысты, көңілді уақыт өткізді. 🎯Мақсаты: 1-4 сынып оқушыларына Наурыз мерекесінің мәні мен салт-дәстүрін үйрету, достық пен бірлікті насихаттау, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. https://www.instagram.com/p/DWJfnM7iBSS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Қош келдің, әз Наурыз!” атты мерекелік іс-шара
18
март
2026
“Қош келдің, әз Наурыз!” атты мерекелік іс-шара
18 наурыз күні мектебімізде “Қош келдің, әз Наурыз!” атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мерекеге ата-аналар белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеген әсерлі кештің куәсі болды. Іс-шара барысында “Абай”, “Жамбыл”, “Ынтымақ”, “Береке” ауылдары өз өнерлері мен салт-дәстүрлерін таныстырып, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады. “Батамен ел көгерер” демекші, 90 жастағы ардақты әжеміз ақ батасын беріп, жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін арнады. Сонымен қатар ұлттық спорттық ойындар
“Мерейлі ұстаз” қалалық байқауы
18
март
2026
“Мерейлі ұстаз” қалалық байқауы
“Мерейлі ұстаз” қалалық байқауында биология пәні мұғалімі Қасымханова Сәуле Жанатқызы жүлделі 🥈 2-орынға ие болды! 👏👏 Сізді осы зор жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! 💐 Еңбегіңіз әрдайым бағаланып, шығармашылық табыс пен кәсіби биіктерден көріне беруіңізге тілектеспіз! 🚀📚
«Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағаттары
17
март
2026
«Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағаттары
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1–11 сынып оқушыларына арналған «Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің маңызы мен тарихы кеңінен түсіндірілді. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары насихатталып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді. #Адал_азамат_Абай_облысы_-Семей #АПКО_Абай_облысы_Семей #Улттык_ сезім_Абай_облысы #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей
🌨 Ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқыту 🌨
10
март
2026
🌨 Ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқыту 🌨
10 наурыз күні қолайсыз ауа райына байланысты сабақтар уақытша қашықтықтан оқыту форматында өткізілді. Сабақтар бекітілген кестеге сай онлайн платформалар арқылы ұйымдастырылып, оқушылардың оқу үдерісіне толық қатысуы қамтамасыз етілді. Сабақ барысында жаңа тақырыптар түсіндіріліп, деңгейлік тапсырмалар берілді, кері байланыс жүргізілді. Оқушылардың белсенділігі мен оқу жетістігі тұрақты бақылауда болды. Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда! 📚💻
«Мектеп Аруы – 2026»
07
март
2026
«Мектеп Аруы – 2026»
Мектебімізде «Мектеп Аруы – 2026» байқауы жоғары деңгейде өтті. 🌸 Байқауға қатысқан оқушылар өз өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін және сахна мәдениетін көрсетті. Қатысушылар түрлі кезеңдерден өтіп, көрермендер мен қазылар алқасын талантымен тәнті етті. Нәтижесінде үздік өнер көрсеткен оқушылар жүлделі орындарға ие болды. 🏆 Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Осындай әдемі әрі әсерлі кеш сыйлағандарыңыз үшін рахмет. #Адал_азамат_Абай_облысы_-Семей #АПКО_Абай_облысы_Семей #Улттык_
6 «В» сыныбында орыс тілі және әдебиеті пәнінен Lesson Study технологиясымен зерттеу сабағы өтті.
06
март
2026
6 «В» сыныбында орыс тілі және әдебиеті пәнінен Lesson Study
05.03.2026 күні 6 «В» сыныбында орыс тілі және әдебиеті пәнінен Lesson Study технологиясымен зерттеу сабағы өтті. Тақырыбы: «Снежная королева». Сабақ барысында Wordwall платформасы арқылы тапсырмалар орындалды. Оқушылар «Восстанови диалог», «Паспорт персонажа» тапсырмаларын орындады. Сабақта жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын талдап, өз ойларын білдірді. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасап, өз жұмыстарын бағалады.
“Баршаға әрі жекеге арналған мектеп” жобасы аясында 05.03.2026 күні
06
март
2026
“Баршаға әрі жекеге арналған мектеп” жобасы аясында 05.03.2026 күні
5”А” сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Lesson study технологиясымен зерттеу сабағы өтті. Тақырыбы:”Страна чудес Л.Кэрролла”. Мақсаты: Әрбір оқушының деңгейін анықтау; топ мүшелерінің тәжірибе алмасуы; оқушылар сабақта кері байланыс беру дағдыларын қалыптастыру; ұжымдық мәдениетті қалыптастыру. "Тонкиеи толстые вопросы", "Синквейн", "Мозговой штурм", "Верные и неверные утверждения" әдістері қолданылды. Жұптық, топтық, жеке жұмыстар жүргізілді. Сабақ соңында оқушылар "Благодарю рефлексиясы
“Анамның аялы алақаны” атты бейнечеллендж ұйымдастырылып, өтті.
06
март
2026
“Анамның аялы алақаны” атты бейнечеллендж ұйымдастырылып, өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 1–11 сынып оқушылары арасында “Анамның аялы алақаны” атты бейнечеллендж ұйымдастырылып, өтті. Челлендждің мақсаты – аналарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ана еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылар өз бейнероликтері арқылы аналарына жылы лебіздерін білдіріп, жүрекжарды құттықтауларын жолдады. #Адал_азамат_Абай_облысы_-Семей #АПКО_Абай_облысы_Семей #Улттык_ сезім_Абай_облысы #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей