«Алғыс айту» күніне орай сынып сағаттары
☀️«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жоспарға сәйкес 1–11 сыныптарда «Алғыс айту» күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушыларға алғыс айту мәдениетін дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-анаға, ұстазға және қоршаған ортаға ризашылық білдірудің маңызын түсіндіру болды. Тәрбие сағаты оқушылардың бойында мейірімділік, сыйластық, жауапкершілік және патриоттық сезімдердін қалыптастыруға бағытталды. #Адал_азамат_Абай_облысы_-Семей