Біз туралы » Страница 18 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Апталық челленджі өтті
02
апрель
2025
Апталық челленджі өтті
2025 жылдың сәуірдің 2 күні мектеп ұстаздарының көңіл-күйін көтеру, ұжымдық қарым-қатынасты нығайту мақсатында математика пәні мұғалімі Сулейменова Мереке Болатовнаның ұйымдастыруымен  "Сергіту сәті" атты апталық челленджі өтті. Үзілісте "Кім епті?", "Адам. Үй. Жел" ойындары ұйымдастырылды. Ойын барысында ұстаздардың бірлігі, бірізділігі, бірін-бірі түсінуі,  ептіліктері анық көрініп, белсенділік танытты. Келесі апталық челлендж  орыс тілі пәні мұғалімі Қ.А. Айтқалиға берілді.
Көктемгі демалыс жоспарына  сай 27 наурыз күні  мектебімізде барлық пәндерден әдістемелік  бірлестік отырысы өткізілді.
27
март
2025
Көктемгі демалыс жоспарына сай 27 наурыз күні мектебімізде барлық
Көктемгі демалыс жоспарына  сай 27 наурыз күні  мектебімізде барлық пәндерден әдістемелік  бірлестік отырысы өткізілді.   Қаралған сұрақтар 1. 3-тоқсанның қорытындысы бойынша білім сапасына талдау. 2. Ұстаздардың кәсіби байқауларға, конференциялар мен семинарларға қатысу сапасы. 3. ⁠Ұстаздардың авторлық бағдарламалары мен әдістемелік құралдары бойынша есебі, болашаққа жоспары, әдістемелік отырыста тәжірибе бөлісу. 4. ⁠Пәндік апталықтардың нәтижесін талдау. Әб отырысында 3-тоқсанның білім
"Ұстаз" платформасы бойынша семинар-практикум
26
март
2025
"Ұстаз" платформасы бойынша семинар-практикум
Көктемгі демалыс жоспарына сәйкес 26 наурыз күні  мектеп ұстаздарымен "Ұстаз"  платформасы бойынша семинар-практикум жүргізілді. Семинарда педагогтердің материалдарын (портфолионы) бағалау  портфолио  бөліктері таныстырылып, критерийлері түсіндірілді.Ұстаздар платформа бойынша сұрақтар қойып, кері байланыс берді.
23 наурыз – Тазару күні
26
март
2025
23 наурыз – Тазару күні
23 наурыз – Тазару күні «Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі. Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны.
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті.
20
март
2025
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен биден шашу шашты. Оқушылар асық ату, арқан тартудан бақ сынасты. Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде әлі де тойлануда. Әріптестерімізді, ата-аналарды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз.
«КҮЙ КҮМБІРІ” Республикалық домбырашылар челленджі өтті.
20
март
2025
«КҮЙ КҮМБІРІ” Республикалық домбырашылар челленджі өтті.
[media=https://youtube.com/shorts/fFOc2ZHGGbY?si=Lxd_9sJEp7yvefLu]2025 жылғы 20 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де мектебімізде Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ” Республикалық домбырашылар челленджі өтті. Dombra-challenge-дің мақсаты – өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттың мәдени мұрасын сақтау және тарату, дәуірлік аспап – домбырада ойнауды кеңінен насихаттау.
"Әз-Наурыз» мерекелік ұлттық ойындар сайысы өтті
20
март
2025
"Әз-Наурыз» мерекелік ұлттық ойындар сайысы өтті
2- сыныптар арасында "Әз-Наурыз» мерекелік ұлттық ойындар сайысы өтті. Сыныптағы барлық бала ойындарға қамтылды.  «Қол күрес»,«Арқан тартыс»,«Асық ату»,«Ақсерек көксерек»  ойындары ойналды.«Қара жорға» сергіту сәті жасалды.
«Екі жұлдыз» - мектепішілік мұғалім мен оқушы арасында ән байқауы өтті.
20
март
2025
«Екі жұлдыз» - мектепішілік мұғалім мен оқушы арасында ән байқауы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, наурыз мерекесінің жоспарына сәйкес 2025 жылдың 20 наурыз күні «Екі жұлдыз» - мектепішілік мұғалім мен оқушы арасында ән байқауы өтті. «Екі жұлдыз» - ұстаз бен оқушыларға  ән айтуды үйрететін, патриоттық тәрбие беретін жоба. Жобада 6 жұп қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Осындай байқауға қатысып,өз өнерлерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін көрсеткендері үшін мұғалімдерімізге алғыс айтамыз!
19 наурыз - Жаңару күні
19
март
2025
19 наурыз - Жаңару күні
19 наурыз - Жаңару күні Ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда. Бұл күні сөзбе-сөз мағынада да, қоғамдық-саяси тұрғыда да “Өмірдің жаңаруын” бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылады. ”Жаңару” күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға, туған жердің табиғатын көркейтуге өз үлесін қосуға үндейді. БАРШАҢЫЗДЫ КӨКТЕМГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫНА БІРГЕ АТСАЛЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
19 наурыз күні мектеп оқушылары арасында «Бес табан», «Бес асық ойындарын ұлттық киімде ойнау челленджі ұйымдастырылды.
19
март
2025
19 наурыз күні мектеп оқушылары арасында «Бес табан», «Бес асық
[media=https://youtube.com/shorts/dDlNZxblvyw?si=DgEr5_IhcyBsoQjF] 19 наурыз күні мектеп оқушылары арасында «Бес табан», «Бес асық ойындарын ұлттық киімде ойнау челленджі ұйымдастырылды.