Мектебімізде тегін ыстық тамақпен қамтылған 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған Foodcard қосымшасы іске қосылды. Осы қосымша бойынша күнделікті мәзір мен балалардың тамақтану уақытын бақылауға болады.
2025 жыл Қаңтардың 24-де “Адал ұрпақ” ұйымының жоспарына сәйкес 9-10 оқушылары арасында “Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу” зияткерлік ойыны өткізілді. Ойын бірнеше кезеңдерден тұрды. Сайыс нәтижесі бойынша 10 сынып оқушылары 1- ші орынға ие болды. Барлық қатысушыларға сыйлықтар беріліп ойын соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісті.