“Жемқорлық - індет, онымен күресу міндет” тақырыбында видеоролик
Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын ортаны қалыптастыру. Осы мақсатта “Адал ұрпақ” клубының жұмыс жоспарына сәйкес мектебіміздің 5 сынып оқушыларына арнайы “Жемқорлық - індет, онымен күресу міндет” тақырыбында видеоролик көрсетіліп, «Жемқорлық қайдан пайда болады?», «Барлық нәрсені ақшаға сатып алуға бола ма?» деген сұрақтар аясында дөңгелек үстел өткізіліп, оқушылар өз ойларын ашық айтып, талқылады. #АПҚО_Абай_облысы_Семей