Оқушыларға » Страница 2 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Наурыз ҰБТ-дан жоғары ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті!
08
апрель
2026
Наурыз ҰБТ-дан жоғары ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті!
Мектебіміздің оқушылары Мубараков Нариман және Қасымханова Камилла наурыз ҰБТ-дан жоғары ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті! 👏 Бұл – тынымсыз еңбектің, табандылық пен білімге деген құштарлықтың жемісі. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз! 🌟  
Терроризмге қарсы жоспардан тыс оқу-жаттығу ұйымдастырылды
07
апрель
2026
Терроризмге қарсы жоспардан тыс оқу-жаттығу ұйымдастырылды
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында №3 ЖОББМ» КММ-де 2026 жылдың 7 сәуір күні терроризмге қарсы жоспардан тыс оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында білім алушылар мен мектеп қызметкерлеріне төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритмдері түсіндіріліп, қауіпсіз эвакуациялау шаралары пысықталды. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, педагогтар және техникалық қызметкерлер белсенді қатысты. Мақсаты — білім
«Мектеп Аруы – 2026»
07
март
2026
«Мектеп Аруы – 2026»
Мектебімізде «Мектеп Аруы – 2026» байқауы жоғары деңгейде өтті. 🌸 Байқауға қатысқан оқушылар өз өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін және сахна мәдениетін көрсетті. Қатысушылар түрлі кезеңдерден өтіп, көрермендер мен қазылар алқасын талантымен тәнті етті. Нәтижесінде үздік өнер көрсеткен оқушылар жүлделі орындарға ие болды. 🏆 Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Осындай әдемі әрі әсерлі кеш сыйлағандарыңыз үшін рахмет. #Адал_азамат_Абай_облысы_-Семей #АПКО_Абай_облысы_Семей #Улттык_
“Анамның аялы алақаны” атты бейнечеллендж ұйымдастырылып, өтті.
06
март
2026
“Анамның аялы алақаны” атты бейнечеллендж ұйымдастырылып, өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 1–11 сынып оқушылары арасында “Анамның аялы алақаны” атты бейнечеллендж ұйымдастырылып, өтті. Челлендждің мақсаты – аналарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ана еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылар өз бейнероликтері арқылы аналарына жылы лебіздерін білдіріп, жүрекжарды құттықтауларын жолдады. #Адал_азамат_Абай_облысы_-Семей #АПКО_Абай_облысы_Семей #Улттык_ сезім_Абай_облысы #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебімізде
06
март
2026
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебімізде
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебімізде ерекше, жылы көңіл күйге толы таң болды. 🌸 Өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздарымызды жылы жүзбен қарсы алып, гүлдер мен жүрекжарды тілектерін арнады. Ұстаздарымызға құрмет көрсетіліп, мерекелік құттықтаулар айтылды. Аяулы ұстаздарымызды көктемнің осы әсем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, шығармашылық табыс және шәкірттеріңіздің жетістігін көре берулеріңізді тілейміз. #Адал_азамат_Абай_облысы_-Семей
"Жарқын болашақ" Республикалық қазақ тілі олимпиадасы
02
март
2026
"Жарқын болашақ" Республикалық қазақ тілі олимпиадасы
Мектебіміздің 7 "Б" сынып оқушысы Перімхан Аяла "Жарқын болашақ" Республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысып, "Бейнелеушілер" номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Абдрахманова Б.Қ. ​https://www.instagram.com/p/DVYR7JqCNdA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​  
«Көңілді күн» квест ойыны ұйымдастырылды
24
февраль
2026
«Көңілді күн» квест ойыны ұйымдастырылды
20-ақпан күні мектебімізде 2-сыныптар арасында «Көңілді күн» квест ойыны ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты: білім алушыларды ұйымшылдыққа, өзара бірлікке, көшбасшылық қасиеттерді, өзара қолдау мен ынтымақтастықты дамыту, позитивті өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, креативті ойлауға, шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге асыруға баулу. Үш топ маршрут парағы бойынша түрлі тапсырмаларды орындап, кедергілерден өте отырып, келесі тапсырмаға өтуге көмектесетін жауап тапты. Қатысушылар 3 топқа бөлініп,
19 ақпан күні "8 минуттық оқу жобасы" бойынша 9 "б" сынып оқушылары кезекті оқыған кітаптарын қорғады.
19
февраль
2026
19 ақпан күні "8 минуттық оқу жобасы" бойынша 9 "б" сынып оқушылары
Оқығандарын жақсы жеткізген оқушылар: Тоқан Аяжан Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі", Кумарова Радмира С.Мұқановтың "Адасқандар", Берікбол Серікжан авт Қасым Қайсеновтың "Ауыр күндерде" , Исабеков Арнұр " Шәкәрім айнасы", Қабдуалиев Азамат авт Б.Момышұлы " Адам қайраты" Оқуға құштарлығы артқан оқушыларға мың алғыс!!! Келесі айға оқығанға кітапханадан оқушыларға әдеби кітаптар берілді . #Балалар_ кітапханасы #Ұлттық_ құндылықтар #Семей_Білім_бөлімі #Адал_адам #Біртұтас _тәрбие  
Мұқағали Мақатаев оқулары сайысының қалалық кезеңінде "Көкрегімде жыр сөулесі маздайды"бағыты бойынша 10"А" сынып оқушысы Кикимова Найзана жүлделі 2-орын алды.
02
февраль
2026
Мұқағали Мақатаев оқулары сайысының қалалық кезеңінде "Көкрегімде жыр
Мұқағали Мақатаев оқулары сайысының қалалық кезеңінде "Көкрегімде жыр сөулесі маздайды"бағыты бойынша 10"А" сынып оқушысы Кикимова Найзана жүлделі 2-орын алды.Жетекшісі:Г.Жилкибаева Жүлдегер оқушы мен жетекшісін құттықтаймыз!
Ж.Базенұлы атындағы физика пәні бойынша қалалық зияткерлік олимпиададан 7-сынып оқушысы Тимурқызы Шырай 3- орынды иеленді.
27
январь
2026
Ж.Базенұлы атындағы физика пәні бойынша қалалық зияткерлік
Ж.Базенұлы атындағы физика пәні бойынша қалалық зияткерлік олимпиададан 7-сынып оқушысы Тимурқызы Шырай 3- орынды иеленді.Жетекшісі: К.Капсалямов.Жүлдегер оқушы мен жетекшісін құттықтаймыз!