Оқуға құштар мектеп » Страница 49 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

«Кітаптар әлемінде» атты RED x- оқушылыр конференциясы ұйымдастырылды.
17
апрель
2021
«Кітаптар әлемінде» атты RED x- оқушылыр конференциясы ұйымдастырылды.
«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «№3 ЖОББМК» КММ - де 23 сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық қоғау күніне байланысты «Кітап - тарих, шежіре» атты апталық өтуде. 14.04 күні   5-9 сыныптар арасында «Кітаптар әлемінде» атты RED x- оқушылыр конференциясы ұйымдастырылды. Қатысушы спикерлер оқыған кітаптарын, басқа оқырманның оқуға деген қызығушылығын арттыруда көркем сөзбен шешендікпен жеткізе білу мақсатында «қызыл алаңға» шығып өз ойларымен бөлісті. Қорытындысында 9
"Кітап- тарих, шежіре" атты апталық
16
апрель
2021
"Кітап- тарих, шежіре" атты апталық
"3 ЖОББМК" КММ -де 23-сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық қорғау күніне байланысты "Кітап- тарих, шежіре" атты апталық өтуде. Апталық аясында кітапхана меңгерушісі Байелова М.С кітаптың шығу тарихын оның құрылымын таныстыру мақсатында 3- сыныптар аралығында "Кітаптың құрылымы" атты кітапханалық сабақ өткізді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткен  "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
13
апрель
2021
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткен "Кітапханаға кітап сыйла"
Қазіргі таңда елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Жалпы, оқушылар кітап оқымай ма, әлде мектеп оқушылары қызығып оқитын көркем әдебиеттер жоқ па деген сұрақтың да ойға оралатыны анық. Жас жеткіншектерді «кітап оқымайды» деп бекерге кінәлай бергенше олар қызығып оқитын кітаптарды көптеп шығарып, мектептерге таратудың маңызы зор. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында
"Үздік мектеп кітапханасы - 2021"
12
апрель
2021
"Үздік мектеп кітапханасы - 2021"
"Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт" жобасы аясында қалалық мектептер арасында қашықтықтан өткен "Үздік мектеп кітапханасы - 2021" сайысынан мектебіміздің кітапханасы 2 орынды иеленді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
12
апрель
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
ұсынылған  кітапша қазақтың тұңғыш палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналады. Балуанның қысқаша өмірдерегімен таныс бола отырып,  балуан жайлы әдебиеттерді кітапханадан алып оқуларыңызға болады.
2 «Г» сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында
02
апрель
2021
2 «Г» сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында
 «Бейсенбілік ертегі» жобасын қолға алды. Сабақтан бос уақыттарында ата-әжелерімен, әке-шешелерімен бірге мектеп кітапханасынан алған ертегі кітаптарын оқыды. Ертегі бойынша түйген ойларын сыныптастарымен бөлісті. Бұл үрдіс балаларға ғана емес, күйбең тірлікпен жүріп кітап оқудан қол үзіп бара жатқан үлкендерге де ұнады. Енді оқушылар әр бейсенбі сайын ертегі оқып, оны үлкендермен талдап, сыныптастарымен бөлісіп отыратын болады.
Рэй Брэдберидің “Dandelion wine” кітабының алғашқы бетін оқыды
01
апрель
2021
Рэй Брэдберидің “Dandelion wine” кітабының алғашқы бетін оқыды
8 "В" сыныбында ағылшын тілі сабағында  «Фаренгейт 451» антиутопиясымен танымал американдық жазушы Рэй Брэдберидің “Dandelion wine” кітабының алғашқы бетін оқыды. Кейін онлайн стикер тақтасына ой-пікірлерін жазды. Құдайберген А.Ш