Тәрбие жұмысы » Страница 13 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері арасында “Chatgpt сияқты нерожүйелердің пайдасынан зияны көбірек деп есептейді”тақырыбында Дебат ойыны өткізілді.
09
октябрь
2025
Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері арасында “Chatgpt сияқты
09.10.25 күні мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері арасында “Chatgpt сияқты нерожүйелердің пайдасынан зияны көбірек деп есептейді”тақырыбында Дебат ойыны өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың өмірінде нейрожүйелер қандай рөл атқарады және оның зияны мен пайдасы екендігін анықтау. [media=https://www.instagram.com/reel/DPoYiMqiOTg/?igsh=NXI0aGVva2JoemUx]
«Досболайық» бағдарламасы аясында "Менің сыныбым" атты тренинг ұйымдастырылды.
08
октябрь
2025
«Досболайық» бағдарламасы аясында "Менің сыныбым" атты тренинг
8.11.2025 жылы 3-сынып оқушыларына «Досболайық» бағдарламасы аясында "Менің сыныбым" атты тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты – балалардың эмоционалдық интеллектін дамыту, сынып ішіндегі сенімді қарым-қатынас орнату және әр оқушының бойындағы жақсы қасиеттерін ашу.
«Жастар – жарқын болашақ» атты мотивациялық тренинг өтті.
08
октябрь
2025
«Жастар – жарқын болашақ» атты мотивациялық тренинг өтті.
2025 жылдың 8 қазанында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Жастар – жарқын болашақ» атты мотивациялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты — жас мамандардың тұлғалық дамуына қолдау көрсету, болашаққа сеніммен қарауға, белсенділік пен жауапкершілікке ынталандыру. Тренинг барысында талқыланған негізгі тақырыптар: Жас маманның жаңа ортаға, ұжымға үйренуіне көмектесу; Өзін-өзі және көшбасшылық қабілеттерді дамыту; Мақсат қою және жетістікке жету жолдары; Қатысушылар мотивациялық сұхбаттар тыңдап,
Шебер ұстаз – жаңашыл білімнің көшбасшысы
06
октябрь
2025
Шебер ұстаз – жаңашыл білімнің көшбасшысы
Шебер ұстаз – жаңашыл білімнің көшбасшысы 🌟 Білім мен тәрбие – егіз ұғым. Ал сол егіздің жүрегінде ұстаздың шеберлігі мен жаңашылдығы жатыр. Шебер ұстаз – шәкірттің бойындағы отты маздататын, заман талабына сай ойлап, әрекет ететін тұлға. Ол – білімді де білікті, рухты да жаңашыл ұстаз! 📚 Қай кезде де жаңашыл ұстаз – өзгерістерге жол ашушы, шәкірт жүрегіне нұр сепкен, қоғамның дамуына үлес қосқан нағыз көшбасшы. Ұстаз еңбегі – мәңгілік! 💫 Білімге бағыт беріп, болашаққа жол сілтеген әр ұстазға
"Достық-татулықтан басталады" атты тренинг жүргізді.
06
октябрь
2025
"Достық-татулықтан басталады" атты тренинг жүргізді.
Мектеп психологы Сапарова А. А.  6 сынып оқушылары арасында "Достық-татулықтан басталады" атты тренинг жүргізді.  Мақсаты: оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал дос болуға және қоршаған ортамен шынайы болуға үйрету. [media=https://youtube.com/shorts/rfzVtl71-wo?si=h1ZVHR5X6DAqvW6D]
“Ұстаз- ұлт шамшырағы”  атты мерекелік концерт
03
октябрь
2025
“Ұстаз- ұлт шамшырағы” атты мерекелік концерт
Ұстаздар күніне орай мектебімізде ұстаз еңбегін дәріптеу мақсатында “Ұстаз- ұлт шамшырағы”  атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелі іс - шараға ардагер ұстаздарымыз шақырылып, жас буынға өз жылы лебіздерін білдірді. Концерт барысында оқушылар ұстаздарына деген ыстық ықыластарын білдіріп, мерекелік көңіл - күй сыйлады. Бұл мерекелік шара -ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаз еңбегінің ерекше екенін паш етіп, ұстаздар қауымына деген құрметті арттыра түсті. Барша ұстаздарға денсаулық, еңбектеріне
«Біз біргеміз» атты достық пен бірлікке баулитын тренинг
02
октябрь
2025
«Біз біргеміз» атты достық пен бірлікке баулитын тренинг
Мектебімізде 2.10.2025 күні  мектеп психологы А.М.Рамьянова 1-сынып оқушыларына арналған «Біз біргеміз» атты достық пен бірлікке баулитын тренинг өткізді. 🌟 Балалар бір-біріне көмектесуді, достықтың қадірін түсінуді үйренді. Түрлі қызықты ойындар ойнап, тапсырмалар орындады. 🎲🧩 Тренингтің мақсаты – оқушыларды бірлікке, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Бүгін 11-сынып оқушылары ұстаздар мерекесіне орай өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.
01
октябрь
2025
Бүгін 11-сынып оқушылары ұстаздар мерекесіне орай өздерінің ыстық
Бүгін 11-сынып оқушылары ұстаздар мерекесіне орай өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Оқушылар ұстаздардың еңбегін ерекше бағалап, біліммен қатар өмірлік тәрбие бергендері үшін алғыс айтты.  [media=https://youtube.com/shorts/UfWTNCOkG0o?si=fhgKNdN2-F55S4aU]                           
"Үнемді тұтыну"
29
сентябрь
2025
"Үнемді тұтыну"
“Адал азамат" біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында күнделікті атқарылатын шаралардың бірі "Үнемді тұтыну". «Ырыс пен береке» - халкымыздың, ежелден келе жатқан ұғым. Бүгінгі таңда бұл принцип тек экономикалық ресурстармен шектелмей, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ жауапкершілікке де ұласып отыр. Дамыған елдер де жарық, су және энергия ресурстарын үнемдеп пайдалану — жоғары деңгейдегі қоғамдық мәдениеттің, белгісі. Су мен жарықты үнемдеу — тек табиғатымызды қорғау емес, сонымен қатар, болашақ, ұрпақтарымыз үшін
1-4 сыныптарда «ДОСБОЛLIKE» «Сөз-қарым-қатынас негізі» тақырыбында, 5-11 сыныптарда "Ересек өмірге қадам" тақырыптарында тәрбие сағаттары, "Табыстың күмәнді түрлері" қауіпсіздік сағаттары өткізілді.
15
сентябрь
2025
1-4 сыныптарда «ДОСБОЛLIKE» «Сөз-қарым-қатынас негізі» тақырыбында,
15-қыркүйек күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, жоспарға сәйкес 1-4 сыныптарда «ДОСБОЛLIKE» «Сөз-қарым-қатынас негізі» тақырыбында, 5-11 сыныптарда "Ересек өмірге қадам" тақырыптарында тәрбие сағаттары, "Табыстың күмәнді түрлері" қауіпсіздік сағаттары өткізілді.  Мақсаты: оқушыларда қарым-қатынас мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың сөйлеу қарым-қатынасындағы сөздің маңыздылығын түсінуіне ықпал ету.