Тәрбие жұмысы » Страница 16 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Мектебімізде жоспарға сәйкес үйірме жұмыстары жүргізіліп келеді.
28
апрель
2025
Мектебімізде жоспарға сәйкес үйірме жұмыстары жүргізіліп келеді.
Мектебімізде жоспарға сәйкес үйірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Оқушыларға қосымша білім беру жүйесі жеке тұлғаны өздігінен дамыту, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету арқылы қабілеттіліктерін ашу.Өскелең ұрпақ тәрбиесіне және оларды дамытуға, бағытталған.  Мақсатымыз оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру арқылы оларды өнерге баулып эстетикалық танымдық,шығармашылық қабілеттерін арттыру .
1 мамыр мерекесіне қарсы Ассамблеяға 30 жыл толуына орай "Бір шаңырақ астында" атты 1-9 сыныптарда тәрбие  сағаттары өтті.
28
апрель
2025
1 мамыр мерекесіне қарсы Ассамблеяға 30 жыл толуына орай "Бір шаңырақ
1 мамыр мерекесіне қарсы Ассамблеяға 30 жыл толуына орай "Бір шаңырақ астында" атты 1-9 сыныптарда тәрбие  сағаттары өтті. Мақсаты :Қазақстандағы бірнеше ұлттардың татулығы, бірлігі ,ынтымағы жайлы мағлұмат беру.Татулыққа,достыққа тәрбиелеу.
23 сәуір — Ұлттық кітаптар күніне байланысты  мектеп кітапханасы "Білім кілті —кітапхана"  атты апталық ұйымдастыруда.
22
апрель
2025
23 сәуір — Ұлттық кітаптар күніне байланысты мектеп кітапханасы
23 сәуір — Ұлттық кітаптар күніне байланысты  мектеп кітапханасы "Білім кілті —кітапхана"  атты апталық ұйымдастыруда. Апталық аясында оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында "Кітап оқу" марафоны өткізілді. 1—4 сынып оқушылар арасында отбасы мүшелеріне мәнерлеп кітап оқыса,  жоғарғы сынып оқушыларына жергілікті жазушылардың кітаптарын оқу ұсынылды. Оқыған кітаптары жайлы жіберілген бейнебаяндар кітапхана тарапынан мадақтамаларға ұсынылды, қатысқан оқушыларға алғыс білдіреміз
«Суды үнемде, болашакты сақта»
18
апрель
2025
«Суды үнемде, болашакты сақта»
18 сәуірде “Nº3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Қазакстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 - 2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі Жол картасының шеңберінде «Суды үнемде, болашакты сақта» ауқымды жобасы бойынша су үнемдеу тақырыбында жалпы Республикалық ашық сабактары өткізілді. Ашық сабақ барысында қорғауды қажет ететін, бағалы ресурска айналған - су туралы мәліметтермен таныстырылып, Казакстандағы су ресурстарының жағдайларына токталды.
"Ерлік сабағы" өтті.
18
апрель
2025
"Ерлік сабағы" өтті.
Мектебімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Жауынгерлік медаль, еңбек үшін медаль бір металлдан құйылады” тақырыбында запастағы аға сержант Талғат Асқанұлы, Ауған соғысының ардагері, 99280 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Мақсұтов Талғат Маратұлымен Ұлы Жеңістің  80 жылдығына орай "Ерлік сабағы" өтті.  Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік
Ана – өмірдің бастау көзі, мейірім мен махаббаттың символы
18
апрель
2025
Ана – өмірдің бастау көзі, мейірім мен махаббаттың символы
Ана – өмірдің бастау көзі, мейірім мен махаббаттың символы. Ол – ұрпақ тәрбиесінің негізін қалайтын алғашқы ұстаз. Ананың бала өміріндегі рөлі – шексіз әрі теңдессіз. Бала дүниеге келген сәттен бастап оның әрбір қадамына демеу болып, жүрегіне жылу сыйлайтын – ана.  Форум аясында “Ана болу - өнер, тәрбиелеу - шеберлік” тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: -Ана мен бала арасындағы байланысты нығайту; - Аналар қауымына шабыт, серпін беру; - Аналардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына
17.04 күні мектебімізде өткен “Толық адам” ілімі негізінде ата-аналар институтын қалыптастыру” облыстық жобасы аясындағы “Ана - тәрбиенің қайнар көзі” форумында “Новатор” дебат клубы пікірталас өткізді.
17
апрель
2025
17.04 күні мектебімізде өткен “Толық адам” ілімі негізінде ата-аналар
17.04 күні мектебімізде өткен “Толық адам” ілімі негізінде ата-аналар институтын қалыптастыру” облыстық жобасы аясындағы “Ана - тәрбиенің қайнар көзі” форумында “Новатор” дебат клубы пікірталас өткізді. Тақырыбы: “БП Заманауи әйел аналық пен мансапты қатар алып жүре алады деп есептейді”.  Мақсаты: “Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу; - Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарсы,
"Ана- өмірдің жарығы, жүректің жылуы.
17
апрель
2025
"Ана- өмірдің жарығы, жүректің жылуы.
[media=https://youtube.com/shorts/hXdIFCyTTWg?si=UVuE762yg3CVLSC_] Тренинг тақырыбы: "Ана- өмірдің жарығы, жүректің жылуы.                                            Мақсаты: Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ананың рөлін айқындау.Балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана беретін тәрбиесінің маңыздылығын көрсету, жағымды қарым-қатынас орнату,ой салу. Рухани тәрбиедегі ерекшеліктер мен ұлттық құндылықтарға көңіл бөлу.    Барысы: "Көңілді доп" ойыны арқылы аналар бір-бірімен танысып, жағымды
17 сәуірде  отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында “ Ана-тәрбиенің қайнар көзі” атты облыстық форумында “ Жеңгелердің жеті құпиясы” атты тренинг сабақ өткізілді.
17
апрель
2025
17 сәуірде отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында “ Ана-тәрбиенің
17 сәуірде  отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында “ Ана-тәрбиенің қайнар көзі” атты облыстық форумында “ Жеңгелердің жеті құпиясы” атты тренинг сабақ өткізілді.  Тренинг 4 кезеңнен тұрды: 1. Жағымды эмоциялар 2. Энерджайзер «Менің күнім» 3. «Зерделі болса жеңешем» ситуациялық сұрақтар 4. «Сырымыз бір жеңгелер»  /Шаңырақ ойыны Тренингке келген аналарымыз әрі жеңгелеріміз, әр кезең тапсырмаларын орындай отырып, жеңгенің 7 құпиясын ашты.Келген аналарымыз  жеңге ретінде өз ой пікірлерімен
17.04 күні мектебімізде облыстық "Аналар форумы" өтті.
17
апрель
2025
17.04 күні мектебімізде облыстық "Аналар форумы" өтті.
17.04 күні мектебімізде облыстық "Аналар форумы" өтті. Онда "Әжелер мектебінің" жұмыстары көрсетілді. Мақсаты: мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, әжелер тәрбиесін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Шараға мектебіміздің  "Әжелер мектебінің" белсенді мүшелері 4 әже немерелерімен қатысты. Әжелер өздері айналысатын қолөнер түрлері, олардың жас ұрпаққа берер тәрбиесі жөнінде өз пікірлерін айтты. Келген қонақтар топқа бөлініп, әжелердің қолөнерімен танысты. Топтарға ою ойып, кілемше