Тәрбие жұмысы » Страница 6 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"Агрессивтілік белгілерін" анықтау сауалнамасы жүргізілді.
19
февраль
2026
"Агрессивтілік белгілерін" анықтау сауалнамасы жүргізілді.
17-18.02 күндері 5-11 сынып оқушылары арасында "Агрессивтілік белгілерін" анықтау сауалнамасы жүргізілді. Мақсаты: жеке тұлғаның мінез-құлқындағы агрессия деңгейін, оның түрлерін және көріну ерекшеліктерін анықтау және баланың агрессивтілік дәрежесі төмен, орта немесе жоғары екенін айқындау. #Адал_азамат_Абай_облысы_-Семей #АПКО_Абай_облысы_Семей #Улттык_ сезім_Абай_облысы #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей #Бірлікженеынтымакжобась_Абай _облысы_ Семей
«Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл» бағдарламасы аясында
18
февраль
2026
«Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл» бағдарламасы аясында
«Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл» бағдарламасы аясында мектеп ұстаздарына интернет-алаяқтықтың заманауи түрлері және олардың алдын алу жолдары бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында онлайн несие рәсімдеу, фишингтік сілтемелер, әлеуметтік желідегі алаяқтық әрекеттер, жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, екі факторлы қорғанысты қолдану және қаржылық қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде видео роликтер көрсетіліп, ақпарат берілді.
3–10 сынып білім алушыларына арналған мазмұнды танымдық сағат
18
февраль
2026
3–10 сынып білім алушыларына арналған мазмұнды танымдық сағат
Бүгін мектебімізде ерекше танымдық кездесу өтті. Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері арнайы келіп, 3–10 сынып білім алушыларына арналған мазмұнды танымдық сағаттар мен көшпелі көрме ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушыларға туған өлкенің бай тарихы, мәдени мұрасы, археологиялық және этнографиялық құндылықтары туралы кеңінен мәлімет берілді. Көрмеге қойылған тарихи жәдігерлер, көне тұрмыстық бұйымдар мен құжаттар білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Интернет - алаяқтық туралы не білуіңіз керек?
18
февраль
2026
Интернет - алаяқтық туралы не білуіңіз керек?
​https://www.instagram.com/p/DU5OZR8CDgD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
«Қауіпсіз қоғам» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
17
февраль
2026
«Қауіпсіз қоғам» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
☀️«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және ақпан айының жоспарына сәйкес мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын, қауіпсіздік мәдениетін және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында бірқатар тәрбие сағаттары мен 10 минуттық қауіпсіздік сағаттары ұйымдастырылды. ✅1–4 сынып оқушыларына «Қауіпсіз қоғам» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларына қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, мектептегі және үйдегі қауіпсіздік, бейтаныс
Жоспарға сәйкес 2026 жылдың 2 ақпан күні мектепте мектепішілік лездеме өткізілді.
02
февраль
2026
Жоспарға сәйкес 2026 жылдың 2 ақпан күні мектепте мектепішілік
Жоспарға сәйкес 2026 жылдың 2 ақпан күні мектепте мектепішілік лездеме өткізілді. Лездеме барысында оқушылардың тәртібі, сабаққа кешікпеу және мектеп ережелерін қатаң сақтау мәселелері бойынша маңызды ескертулер жасалды. Апта қорытындысы бойынша рейтинг нәтижелері жарияланып, 🏆«Үздік сынып» – 1 «А» сыныбы, 🏆«Үздік сынып жетекшісі» – 4 «В» сынып жетекшісі Ж.С.Кутешова, 🏆«Үздік кезекші сынып» – 10 «Б» сыныбы марапатталды. Аталған іс-шара оқушылардың жауапкершілігін арттыруға, тәртіпті сақтауға
7-9 сынып оқушыларынан зорлық-зомбылыққа ұшырау деңгейін, түрлерін және қауіп факторларын анықтау мақсатында сауалнама алынды.
30
январь
2026
7-9 сынып оқушыларынан зорлық-зомбылыққа ұшырау деңгейін, түрлерін
28-29.01 күндері 7-9 сынып оқушыларынан зорлық-зомбылыққа ұшырау деңгейін, түрлерін және қауіп факторларын анықтау мақсатында сауалнама алынды.  Сауалнама арқылы: зорлық-зомбылықтың бар-жоғын (физикалық, психологиялық, вербалды, кибер және т.б.) білу; оның қай ортада (мектепте, үйде, интернетте) жиі кездесетінін анықтау; жәбірленушінің эмоционалдық күйін бағалау; оқушылардың қауіпсіздік сезімін анықтау; алдын алу және психологиялық қолдау шараларын жоспарлау.
Қағазды бөлек жинап, қайта өңдеуге тапсыру — әр адамның экологияға қосқан шағын, бірақ маңызды үлесі.
30
январь
2026
Қағазды бөлек жинап, қайта өңдеуге тапсыру — әр адамның экологияға
Қазіргі таңда макулатурадан жаңа қағаз, картон, орама материалдары және тұрмыстық бұйымдар жасалады. Сондықтан қағазды бөлек жинап, қайта өңдеуге тапсыру — әр адамның экологияға қосқан шағын, бірақ маңызды үлесі. 🌱 [media=https://www.instagram.com/p/DUPiV19iC--/?igsh=YnZjM3ljcW5mNXA0]
«Мейірімді қақпақтар» акциясы — экологияны қорғау мен қайырымдылықты ұштастыратын игі бастама.
30
январь
2026
«Мейірімді қақпақтар» акциясы — экологияны қорғау мен қайырымдылықты
«Мейірімді қақпақтар» акциясы — экологияны қорғау мен қайырымдылықты ұштастыратын игі бастама. Бұл акция барысында пластик бөтелкелердің қақпақтары жиналып, қайта өңдеуге. тапсырылады. Ал түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларға, емделуге мұқтаж жандарға немесе әлеуметтік жобаларға көмек көрсетуге жұмсалады. Белсенді қатысқан сыныптар:1А,Б,4А,Б,В,Г,2А,Ә,5В ♻️💙 [media=https://www.instagram.com/p/DUPieDwiB3X/?igsh=empsbnFraWh1eHIx]
Өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп оқушылары“Заң менен басталады" акциясын өткізді!
29
январь
2026
Өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп оқушылары“Заң менен басталады"
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Заң және тәртіп"айлығына орай 2026 жылдын, 29 қаңтарында Өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп оқушылары“Заң менен басталады" акциясын өткізді! Мақсаты қоғамда әділдік пен құқықтық  тәртіпті нығайтуға үлес қосу,заңды құрметтеу мәдениетін дамыту және  құқық бұзушылықтың алдын алу. [media=https://www.instagram.com/reel/DUPiHy1CL1-/?igsh=MWU4ZGk3YmpvMnVkaA==]