«Қалдықтардың екінші өмірі»
Бастауыш сынып мұғалімі Батырханова Г.А.тұрмыстық қалдықтың бірі – жұмыртқа ұяшығына пиязды өсіру тәжірибесімен бөлісті.
Қажетті заттар:қатты қағаздан жасалған 2 жұмыртқа ұяшығы, целлофан қапшық, пышақ, әрбір ұяшыққа салатын жұмыртқа көлеміндей пияз, су.
Қыс мезгілінде үйдепияздың көк өскінін өсіре отырып, терезе алдын кішкене баққа айналдыруға болады.Ол үшін жұмыртқа ұяшықтарына таңдап алған пияздарды орналастырады, су құйып жарық әрі жылы жер – терезе алдына қояды. Бөлмедегі ылғалдың мөлшеріне қарай суғарып отырады.
Пияз–үстеліміздегі беделді көкөністердің бірі.Пияздың қауырсындары аурулармен күресуге және тағамдарды керемет дәмге бөлеуге көмектесетін қоректік заттардың ерекше көзі болып табылады. «С», «В1» дәрумендері аурулардан сенімді қорғайдыжәне бөлме ішіне хош иіс таратады. Тәжірибе барысында: артық шығын шығармай, пияздың өскінін бірнеше рет өсіруге болатынына көз жеткіздік.Күн жылынған кезде пиязды бақшаға отырғызып, ары қарай өсіп жетілуін жалғастыруға болады.
Күнделікті өмірімізге қажет пиязды осындай қарапайым тәсілмен өсіруге болатынын білгеніміз артық болмас.