«Қалдықтарға екінші өмір»
«Қалдықтарға екінші өмір» челенджіне қатысушы бастауыш сынып мұғалімі Б.К.Нургалиевакүнделікті тұрмыс қалдықтарынан бөлме гүлдеріне тыңайтқыштар жасау тәжірибесімен бөлісті.Мақсаты: адамдарға енді қажеті болмайды деген қалдықтарды пайдаға жарату, тыңайтқыш ретінде қолдану арқылы табиғатты ластамауға тәрбиелеу.
Тыңайтқыш үшін кофе тұнбасы , жұмыртқа және банан қабығы пайдаланылды.Бұл қалдықтар бөлме өсімдіктеріне өте пайдалы азот,кальций сияқты элементтерге бай. Кептірілген кофе тұнбасын топыраққа араластырып, соңынан су құю арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Жұмыртқа қабығы мен бананның қабығын ұсақтап топыраққа араластырады. Осындай табиғи жолмен жасалған табиғи тыңайтқыштар қолжетімді әрі өсімдіктің жайқалып өсуіне септігін тигізеді. Ал,бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі маңызын бәріміз жақсы білеміз. Материалдық шығынсыз жасалған табиғи тыңайтқыш бөлмеңіздегі жасыл желекке көрік береді.