27
октябрь
2020
Бөлме өсімдіктері.
Бөлме өсімдіктері.
Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік беріп қана қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері болады. Бөлме гүлдері кеңсенің, үйдің сәні болып табылады.
«Оларды алыс жақтың өсімдіктері» дейді. Өйткені ол өсімдіктердің тұқымы мен өскіні алыстағы ыстық елдерден әкелінген. Адамдар оларды үй ішінде өсіп-өнуге бейімдеген. Сондықтан олар «бөлме өсімдіктері» деп аталады. Олар өз Отанында ашық күннің аясында, әрдайым жылылықта тіршілік етеді. Біз де соған ұқсас жағдай жасауымыз керек. Бөлме өсімдіктерінің осындай ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында 1"А" сыныбында "Экология әліппесі" сабағында "Бөлме өсімдіктерінің ерекшеліктері" тақырыбы талқыланды. Оқушылар өз үйлеріндегі бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасайтындықтары жайлы ой бөлісті.