Өз қолымыздан шыққан гидропоника » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

21
март
2020

Өз қолымыздан шыққан гидропоника

№3 ЖОББМК оқушылары мектеп жағдайында көкөністерді артық шығынсыз өсіруді үйренуді қолға алды. Өз өнімдерін мектеп асханасына ұсынып, оқушыларды экологиялық таза тағаммен қамтамасыз етсек деген ойлары жүзеге асуы әбден мүмкін болды. 

Бұл жобаның өзектілігі қазіргі уақытта дүкен сөрелерінде көптеген өсімдіктер мен көкеністерді көреміз. Өкінішке орай сатып алынған көкеністертер мен өсімдіктер  балғындығын жоғалтады. Сол себептен олар жарамсыз болып қалады. Егерде ол ақжелкен, аскөк болса, олардың орнына базилик, тимьян және де жалбыз болса оларды дүкендерде немесе базар сөрелерінен жақсы сапада табу қиын және де бағалары жоғары болады. 

Сонымен қатар оларды аз –аздан қолданып  бума түрінде сатып алуға тура келеді, қалғаны қоқысқа тасталынады. Өсімдіктерді өз-бетімізше өсіруде әрі гидропондық аппараттарда-біз оларды қолданыс аясында кесіп өнім сапасына, өсімдіктің өзіне  зардап тигізбейміз. Гидропоника құрылысымен танысып,  өсірілетін өсімдіктерді анықтадық.Таңдап алынған өсімдіктердің өсіру жағдайымен таныстық. Субстрат ретінде керамзит тасын таңдап алдық, оның артықшылығы:  гигроскопты, берікті, кеуекті, рН ортасын өзгертпейді.

Өсімдіктерді бірнеше күн жарық пен жылу жақсы түсетін жерде сақтап өскіндерін өсірдік: химия кабинетінде терезе алдында және  шағын - жылыжайда

      Гидропоника – бұл топырақсыз өсетін әдіс, негізінде су мен топырақты және қоректік заттарды үнемдеу жатыр. Осы әдіспен өсірген кезде өсімдіктерге қоректік заттар үшін конкуренция болмайды, топырақтан өсіргеннен қарағанда. Өсімдіктер қоректік ерітіндіден дайын түрде алады. Тамырлар әрдайым жеткілікті мөлшерде қоректік заттарды сіңіреді, еш уақытта кеппейді әрі ауа жетіспеушілігі болмайды, аз орын   алады. Өсімдік күнделікті суғаруды қажет етпейді.Өсімдікке әр түрлі химикаттарды қосып керек емес.Себебі әртүрлі ауырулар мен құрттардың болуы екіталай. Орын ауыстыру барысында жаңа топырақ алу қажет емес.Осылай бұл процесс әлдеқайда арзан болып табылады. Өсімдік тек пайдалы элементтерді қабылдайды. Топыраққа қарағанда бұл әдіс зиянды заттарды өзінде сақтамайды.





Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее