19
январь
2021
«Эко Асар» акциясы аясында пластикалық қалдықты дұрыс пайдалану.
Бізде көптеген қалдық заттар аулада шашылып жатады. Соның алдын алу үшін, мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі Төлепбергенов Ө.С. үй жағдайында қалдық заттарды сұрыптап, тұрмысқа қажетті заттарды пайдаға асыруға болатыны туралы қол өнерімен бөлісті. Мысалы,сусыннан босаған пластик бөтелкелерден қыз балаларға көркем еңбек сабағында пайдаланатын жіптер топтамасын жасауды ұсынды. Жинақы, әрі ретімен алып, пайдалануға ыңғайлы. Осы тәріздес қалдық заттарға екінші өмір сыйлап қолданысқа енгізуге болатынын айтып өтті.














