21
январь
2021
Қолымыздан шыққан сыйлықтардың пайдасы
Әр мереке сайын адамдар бір-бірін құттықтап,сыйлықтар жасап жатады. Ал сол сыйлықтардың ішінде өз қолыңмен жасалғандары әрқашан қымбат болады.3 «В» сынып оқушысы Садық Әлинұр тұрмыс қалдықтарынан әдемі сыйлық жасауға болатынына көз жеткізді. Ол өз құрдастарын шығын шығармай,тұрмыс қалдықтарынан әдемі сыйлық жасап, тарту етуге шақырады. Өз қолыңнан жасалған сыйлықтар: біріншіден – қалдықтарды пайдаға асырып, айналамызды тазартуға үлесі болса, екіншіден – еңбекпен айналысып, икемді болуға жетелейді, үшіншіден – өз қолыңнан шыққан бұйымға қарап шабыттанасың, төртіншіден –айналаңдағыжандарға қуаныш сыйлайсың, бесіншіден – отбасы шығынын да үнемдеуге өз үлесін тигізеді.Қалдық заттарды пайдаға жарата білейік!



