23
январь
2021
Бір реттік бет перденің экологияға зияны туралы кеңестер.
Экологтардың жариялаған есептеріне сәйкес, соңғы уақытта біздің жеріміз шамамен 1,56 миллиард бет маскаларымен толықтырылған екен. Бұл маскалардың баяу микропластикаға айналуы үшін 450 жыл қажет болады. Біз білетіндей, микропластика жабайы табиғат пен мұхиттардың экожүйелеріне теріс әсер етеді. Осы орайда мектебіміздің эковолонтерлары Семей қаласының халықтарына пандемия кезінде медициналық бір реттік бетперде емес, бірнеше рет қолданысқа жарайтын бетперде тағуды ұсынып, ақыл кеңестерімен бөлісті. Коронавирустық пандемия кезінде сақтық шараларын ұстана отырып, экологияға зиян тигізбеу де басты назарда болуы қажет.



