« Қоқысты шипалы затқа айналдырайық!»
Бастауыш сынып мұғалімі Құдайберген Гүлім Төлеутайқызы жұмыртқа қабығынан үй жағдайында кальций ұнтағын әзірлеу және оны қолдану тәжірибесімен бөлісті.Тауық жұмыртқасының қабығы 90% кальций карбонатынан тұрады да (көмірқышқылдық кальций) оңай қорытылады. Оның құрамында ағзаға қажетті барлық микроэлементтер: мыс, фтор, темір, марганец, молибден, фофор, күкірт, цинк, кремний және басқалары — барлығы 27 элемент табылады. Жұмыртқа қабығын қоқысқа тастамай тазалап жуып кептіреміз. Кепкен қабықты миксер арқылы ұнтақтап, құрғақ ыдыста сақтау керек. Кішкентай балалардың ас мәзіріне қосуға болады. Олардың тістерінің қатайып, бойларының өсуіне септігін тигізеді. Үлкен адамдар ұнтақтың 4/1 бөлігін лимон согымен араластырып, таңғы астан кейін қабылдайтын болсақ, 1ай өткеннен кейін нәтижесін көруге болады. Сүйектеріміз қатайып, буындарымыздың ауырмауына ықпал етеді. Қоқысты шипалы затқа айналдыру өз қолымызда!