Қолданылган медициналық маскалар » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Қолданылган медициналық маскалар

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

09
февраль
2021

Қолданылган медициналық маскалар

Коронавирустық Пандемия бүкіл әлемдегі күрделі мәселеге айналды.
Қазіргі уақытта,  күнделікті өмірде пайдаланатын, өзімізбен бірге көшеге алып шығатын заттардың біріне айналған - медициналық маска. Ұялы телефон, ақша және т.б. заттар сияқты масканы үнемі алып жүретін болдық. Маскасыз қоғамдық жерлерге кіруге тыйым салынған.
Вирустың таралуын болдырмау үшін қолданылатын бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптардың саны қоршаған ортаның ластануын арттырып отыр.
Экологтардың айтуы бойынша, коронавирустық індет экономикалық процестердің баяулауына әкеліп соқты, нәтижесінде атмосфераға парниктік газдар шығарылуы азайған. Алайда, індеттің экологияға жағымды әсерімен қатар, теріс нәтижесін де берді: қолданылған медициналық маскалар мен қолғаптар қоршаған ортаны, соның ішінде мұхиттарды жаңа ластаушы заттарға айналған.
Кейбір маскалар тоқыма емес материалдардан жасалады, соның ішінде полипропиленнен жасалады. Бұл теңіз экожүйесіне орасан зор зиян келтіреді.
Адамдар өздерін қорғап жатырмыз деп ойлайды, бірақта қоршаған ортаны да қорғауды ұмытпайық! Табиғатты қорғайық!




Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее