25
январь
2021
Қалдықтарды сұрыптаудың – экологиялық біліммен сабақтастығы
2"Б" сынып оқушысының ата-анасы – Бақытжан Алмас Семей қаласы «Нефрология және эфферентті терапия» орталығында жұмыс істейді. Ол күнделікті қолданылған медициналық жабдықтарды сұрыптауды көрсетті. Пайдаланылған медициналық құралдарды қарапайым қоқысқа лақтыруға болмайды. Әр құралды өзінің А,Б,В,Г,Д қорабтарына сұрыптап салынады. Әр 3 күн сайын медициналық қалдықтарды жүк машиналары алып кетеді. Апарып арнайы пештерге салып өртейді. Қолданылған медициналық қалдықтардың жойылу қадамдарын көрсете отырып, «әр жұмыс орнында қалдықтарды жою немесе сұрыптау жүйелі жүргізілсе, қаламыздың ластанбай таза болуына үлес қосар едік» - дейді. Ата-ана дайындаған видео «Экология әлеміне саяхат» вариативтік сабағында оқушыларға көрсетіліп, олардың экологиялық білімдерінің толығуына септігін тигізді.