«Қалдықтарды бөлек сұрыптайық» эко-сұхбат
Эко-волонтер, математика пәні мұғалімі Косбармакова А.К., «Жан» полиграфиялық салонының қызметкерлерімен қалдықтарды сұрыптау жайлы сұхбат жүргізді. Қалдықтарды дұрыс сұрыптауды қалай жүргізу керектігі айтылды. Сонымен қатар, осы жерде көп мөлшерде шығатын қағаз қалдықтарын бөлек жинау маңыздылығына тоқталды. Қағаз өңдіру үшін жылына жүздеген ағаш кесіледі. Бір тоннадай қағазды қайта өңдеуден өткізетін болсақ, 17 ағашты, 26 мың литр суды, 3 текшеметр топырақты, 240 литр жанар-жағар май мен 4000 киловатт- сағат электр энергиясын үнемдейді екенбіз. Қағаз қалдықтарын қоқысқа тастамай қайта өндеу жәшіктеріне немесе қайта өңдеу орталықтарына тапсыруға кеңес берілді. Қызметкерлер бұл ұсынысты қабыл алып, келешекте қоқысты сұрыптап, бөлек қоқыс жәшіктерін қоятындарын айтты.





