19
февраль
2021
Бүгінгі күннің экожаңалығы.
Технологиялық қалдықтарды не істейміз, қайда апарамыз?" деген сұрақтар әрқайсымызда бар болар. Сіз білесіз бе? Семей қаласында арнайы қауіпті қалдықтарға арналған "Промотход" жәшіктері орналасқан. Барлық қауіпті қалдықтарды сол жәшіктерге өткізуіңізге болады. Бірақ оларды қайдан табамыз деген сұраққа келген боларсыз? Жақын маңда орналасқан жәшікерді білу үшін жоғарыда көрсетілген мекен жайдан немесе номерден білуіңзге болады. Және де қаламыздағы үлкен "Алсер" сауда дүкені сіз берген ескі технологиялық қалдықтар үшін сізге 30% жеңілдік қарастырады. Дәл осындай жолдар арқылы сіз технологиялық қалдықтарды пайдаға асыра аласыз.






