19
февраль
2021
Математика сабагында эстафета "Қалдықтарды дұрыс сұрыптайық"
Математика пәні мұғалімі Косбармакова А.К. 5 «В» сынып оқушыларымен математика сабағында «Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбы бойынша «Қалдықтарды дұрыс сұрыптайық» эстафетасын өткізді. Оқушылар қатар бойынша топқа бөлініп, әр қатар сары, жасыл, көк түстерінің біреуін таңдап, оқушылар кезекпен сәйкес түстегі қима қағаздардағы есептерді шығарды. Есепті шығарып болған соң, қима қағаздағы бейнеленген қоқыс түріне қарай, сәйкес қоқыс жәшігіндегі қалташаға сұрыптап салып отырды. Сабақ барысында оқушылар қатты қалдықтарды дұрыс сұрыптау дағдыларын қалыптастырды. Балалар үлкен қызығушылық танытып, сабаққа белсене қатысты.









