9-сынып оқушыларымен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтерді есептеу әдістемесі туралы физика сабағы өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 9-сынып оқушыларымен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтерді есептеу әдістемесі туралы физика сабағы өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

23
февраль
2021

9-сынып оқушыларымен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтерді есептеу әдістемесі туралы физика сабағы өткізілді.

Физика сабағында оқушылар өз беттерімен ҚТҚ есептеуді үйрену негізінде қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әр - ҚТҚ) жинауға, шығаруға және көмуге тарифтерді есептеуге арналған түсіндірмелері онлайн өтілді.

1. Өзіндік құнын анықтау тәртібі

ҚТҚ жинау, шығару және көму үшін қаржы құралдарына деген жалпы қажеттілікті негіздеу мұнда калькуляция баптары және экономикалық элементтер бойынша топталған арнайы ұйымдардың іс жүзіндегі шығыстарын көрсететін өзіндік құн арқылы есептеледі.

Қызметтің толық өзіндік құны (С) ҚТҚ жинау, шығару және көму жұмыстарын орындауға, сондай-ақ жалпы пайдалану және пайдаланудан тыс шығыстарға жұмсалатын сома ретінде анықталады.

Калькуляциялық бірліктің өзіндік құны жиналған, шығарылған және көмілген ҚТҚ көлеміне/массасына толық өзіндік құнды бөлу жолымен анықталады.

ҚТҚ жинауға және тасымалдауға нормативтік шығыстарды есептеу кезінде арнайы машинаның 1 рейсіне жұмсалатын орташа шығындарын ескеру орынды.

Бір рейс деп ҚТҚ жинауды бірінші орыннан бастайтын және маршрутпен тасымалдаудың белгіленген технологиясы бойынша контейнерлік алаңдарды арнайы машиналарды толық жүктегенге дейін айналып өткен соң және ҚТҚ көму орындарымен аяқтайтын арнайы машиналардың қозғалысының бірреттік жиынтық циклі түсіндіріледі.

1 рейске ҚТҚ жинау және шығарудың орташа жиынтық өзіндік құнын есептегеннен кейін оны қабылданған өлшем бірлігінде қайта есептеу қажет, яғни 1 м3 /1 тонна ҚТҚ.

2. ҚТҚ жинаудың, шығарудың және көмудің толық өзіндік құнын есептеу 

ҚТҚ жинау, шығару және көму бойынша қызметтерді көрсететін арнайы ұйымдардың қаржы құралдарына деген қажеттілігі (бұдан әрі – қызметтер) келесі формуламен анықталады:

                                ҚР = Ө + П,

мұндағы:

ҚР – арнайы ұйымдардың қаржы құралына деген қажеттілігі;

Ө - толық өзіндік құны (шығындар);

П - пайда.

Арнайы ұйымдардың қызметі үшін жылдық тариф - ҚТҚ бірлігі үшін (көлем/массасы) төмендегідей есептеледі:

                                Т = ҚР/К,

мұндағы:

Т - арнайы ұйымдардың қызметі үшін жылдық тариф

К - шығарылған ҚТҚ көлемі/массасы.

ҚТҚ шығаруға бір тұрғынға шаққандағы айлық тариф келесі формуламен анықталады:

                               Та=ТхН ,

                                  12

мұндағы:

Та - ҚТҚ шығаруға бір тұрғынға шаққандағы айлық тариф

Н - бір тұрғынға шаққандағы ҚТҚ жинақталуының жылдық нормасы.


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее