Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында «Ойлан.Ізден.Тап» тақырыбында квест ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойынға 3 сыныптардан 4 команда қатысты. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында «Ойлан.Ізден.Тап» тақырыбында квест ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойынға 3 сыныптардан 4 команда қатысты.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

12
октябрь
2021

Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында «Ойлан.Ізден.Тап» тақырыбында квест ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойынға 3 сыныптардан 4 команда қатысты.

        Ойынның негізгі мақсаты: оқушылардың ойлау,үйрену,ақпарат алу, еңбекке қабілетті болу және  өз білімдерін өмірде қолдану дағдыларын шыңдау болды. Қатысушылар өз мүмкіндіктерін ашатын 5 аялдама: «Қазынаны тап», «Шешендік өнер», «Ой сергіту», «Кім тапқыр», «Шеберлік» тапсырмаларын орындай отырып, сайысқа түсті. Әр аялдамада лабиринт, сөзжұмбақ, жұмбақ, құрастыруды шешу арқылы негізгі тапсырмаларға өту мүмкіндігі ұсынылды. Оқушылар математика, қазақ тілі және әдебиеттік оқу, жаратылыстану және дүниетану пәндері бойынша білімдері мен біліктерін тәжірибеге негіздеп қолдана білді.Өздіктерінен  қиындықтан шығу жолын іздестірді.Топта жұмыс істей отырып, өзгелердің пікірімен санасып, өз ойын жеткізуде позитивті іскерлік дағдылырын көрсете білді. Берілген тапсырмалараға қызығушылықпен қатысқан оқушылар өз білімдерін сынай отырып, тың мәліметтерді меңгерді, білімдерін толықтыра түсті.

         Ойын соңында жоғары ұпай алған топтар марапатталды.Алдағы уақытта квест ойынын 2-4 сыныптар арасында өткізуді жоспарлап отырмыз. 











Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее