Экологиялық жазғы экспедиция табиғатты зерттеудің тиімді жолы. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Экологиялық жазғы экспедиция табиғатты зерттеудің тиімді жолы.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

19
ноябрь
2021

Экологиялық жазғы экспедиция табиғатты зерттеудің тиімді жолы.

            Қараша айының 19 күні «Менің эко мектебім» республикалық жоба аясында №3 мектеп –кешенінде мұғалімдерге арналған шебер-сынып өткізілді. Шебер сынып тақырыбы «Экологиялық жазғы экспедиция бағдарламасының презентациясы». Мақсаты: экологиялық білімді сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асыру жолдарымен таныстыру.

Іс шара барысында мұғалімдермен жалпы авторлық бағдарламалар құрылымы талқыланды, өз ойларымен бөлісті. Заманауи талаптар төңірегінде сұрақтар талқыланды.

Биология пәні мұғалімдері жазғы экологиялық экспедицияға арналған «Экоұрпақ» бағдарламасының презентациясын өткізді.  Жазғы демалыс кезінде оқушылар жыл бойы жиналған физиологиялық, психологиялық ауырлық сезімінен арылып, жұмсаған күштерін, денсаулықтарын қалпына келтіру мен шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бағдарламаның өзектілігі оның практикалық мәнділігіне тәуелді. Балалар алған білімдерін және практикалық тәжірибесін өмірде қолдана алады; табиғатта бақылаулар  мониторинг жүргізуге, ғылыми жоба орындауға, көміртегі ізін өлшеуге және азайтуға дағдыланады. Жас өспірімнің тұлғалық экологиялық құзырлығын қалыптастыру, экспедиция нәтижелері экологиялық білімді насихаттаудың оңтайлы жолы екендігі түсіндірілді.

Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оларды қоршаған ортаның экологиялық жағдайын зерттеуге және табиғатты қорғау жұмыстарына практикалық жүзінде тарту. Қоғам арасында көміртегі ізін азайту жолы бойынша экологиялық ағарту (насихат) жұмыстарын жүргізу. Бағдарламаның мазмұны төмендегідей   бағыттарды жүзеге асыруға негізделген: Балаларды  қоғамдық өмірге, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бейімдеу;  таным мен шығармашылыққа ұмтылыс жасау; шығармашылық белсенділікті қолдау; өз бетінше білім алу қабілетін дамыту, балалардың жеке дамуына көмек көрсету. Бағдарламаның ерекшелігі  экология, ботаника, зоология, фенология, анатомия т.б жаратылыстану бағытындағы ғылымдармен тығыз байланыстығы

           Экспедиция ұзақтығы 14 күн. Экспедицияға қатысушылар: 12-16 жас аралығындағы оқушылар. Сондықтан бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі тәсілдері  мен түрлері ерекше таңдалды,   үйткені олар балаларға мүмкіндігінше өзінің белсенділігін, экологиялық мәдениетінің деңгейін көтеруге жағдай тудырады, олардың әсерлі қабылдауын дамытады. 

Танымжорық, практикалық жұмыс,шығармашылық тапсырмалар, саяхат, ғылыми-зерттеу жұмыстары, фенологиялық бақылаулар, ойын түрлері, видео - фоторепортаждар.

           Шебер сыныпқа қатысушылармен экологиялық есептер шешілді, шағын экологиялық мазмұны бар ертегі құрылды. Осылай мұғалімдер өздері де қызығушылық танытып, бағдарламаны жазғы маусымда жүзеге асыру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін көтерудің оңтайлы жолы деп шешті.




Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее