Тәжірибені жетілдіруге бағытталған күн » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Тәжірибені жетілдіруге бағытталған күн

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

27
ноябрь
2021

Тәжірибені жетілдіруге бағытталған күн

Мектебімізде ұстаздар тәжірибесін жетілдіру мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырылды. Ұстаздар қауымы өздерін толғандырып жүрген сұрақтар төңірегінде пікір алмасып, әдістемелік көмек алды.  «Сабақты зерттеу – сабақтағы іс-әрекетті зерттеу» тақырыбында коучинг-сессия өткізілді. 2-9 сыныптар аралығанда білім сапасын жетілдіруді талап ететін сыныптарды анықтап, алдағы уақытта оларға зерттеу сабақтарын өткізу жоспарланып отыр. Аталған шараны жүргізу үшін 8 сынып таңдалып, оларға дәріс беретін ұстаздардан 8 топ жасақталды. Зерттеу сабақтарын жүргізетін 24 ұстаз алғашқы кеңестерін бастап кетті. Бұл жұмысты жоспарлаудағы басты мақсат – сабақты зерттеу әдісін тәжірибеде қолдану, зерттеу сабақтарын жүргізу арқылы әріптестерді сабақты зерттеу әдісінің мақсатымен, жүргізілу ретімен, нәтижесімен таныстыру, оның  тәжірибеге  енгізілуін насихаттау  арқылы   мектеп дәстүріне айналдыру болды. Ұстаздар жұмысына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта таңдап алынған сыныптарда сыни  көзқарастары қалыптасқан, белсенді оқушылар қатарының артатынына сенімдіміз.









Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее