Оқушының ғылыми зерттеу жұмысы
4 «А» сынып оқушысы Артамбаева Алуа сыныптағы озат оқушылардың бірі. Ол өте білімді, алғыр, зерек оқушы. Біліммен қоса өнерді де қатар алып жүрген өнерлі, әнші, дарынды бала. Алуаның отбасы жеке мал шаруашылығымен айналысады. Олар төрт түлік мал өсіріп, оның пайдасын көріп отырған жанұя. Сондықтан да болар Алуа үй жануарларын өте қатты жақсы көреді. Оның өзінің кішкентай күшігі мен мысығы бар. Ол олардың әрбір қадамдары мен қимылын, қызықты сәттерін суретке түсіріп, дәптерге жазып отырады екен.
Бірде сыныппен қаладағы биологиялық орталыққа саяхатқа барды. Балалар онда әртүрлі жануарлар мен аңдарды көрді. Олардың су ішкенін, шөп жегенін қызықтады. Олармен суретке түсті. Сол орталықта Алуаға қоянның сүп-сүйкімді көжектері қатты ұнады. Жануарларды бұрыннан жақсы көретін оның қоянға деген қызығушылығы арта түсті. Сол күннен бастап Алуа қоян туралы зерттеу жүргіземін деп алдына мақсат қояды.
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
«Үй қоянының өсу және даму факторлары»
Мақсаты:
Қояндардың өсу және даму ерекшеліктерін зерттеу
Зерттеудің міндеттері:
- Әдебиеттермен танысу.
- Зерттеу жұмысын жургізу.
- Нәтижесін салыстыру
Зерттеу жұмысының басталуы:
15 тамыз 2019 жыл
Ата-анасы Алуаға 2 көжек сатып алады. Сол күннен бастап Алуа көжектерге 2 түрлі зерттеу жүргізеді. Яғни, біреуін табиғи азықпен тамақтандырса, екіншісін жасанды қоректермен қоректендіреді.
Әкесі қояндарға арнайы үйшік дайындап берді. Едені ағаштан жасалынған. Олай етпесе қояндар қорадан жерді қазып шығып кетеді екен.
Зерттеу жұмысы көжектердің салмағын өлшеуден басталды.
Күнделікті кесте бойынша оларға уақтылы азық, су беріліп, апта сайын салмақтарын өлшеп отырды.
Көжектердің күтімі жайында Алуа биологиялық орталыққа барып, зоолог маман Койшыбаева Куралай Серикказыевнадан кеңес алды. Ол кісі көптеген ақпараттар берді.
Келесі кезекте көжектерді медициналық тексерістен өткізу үшін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ветеринария факультетіне барып, ветеринария ғылымдарының докторы Ахметджанов Орал Нуралбасович пен ветеринария ғылымдарының магистрі Дербышев Камиль Юрьевичтен кеңес алды. Ол кісілерден өте көп нәрсе біліп қайтты.
Нәтиже:
Зерттеу жұмысының нәтижесінде көз жеткізген жағдайлар мыналар болды. Табиғи өнімдермен қоректенген көжек өте белсенді және тез салмақ қосты. Ал жасанды азықпен қоректенген көжек керісінше өте әлсіз, салмағы да төмен болды. Сонымен қоса ол көз ауруына (коньюктивит) шалдықты. Оның көзіне дәрі жағып, емдеу жұмыстарын жүргізді.
Қорытынды:
Алуа зерттеу жұмысын жүргізу барысында алдына қойған мақсатына толық жетті. Демек, көжектердің жақсы өсіп-жетілуі үшін жасанды азықтан гөрі табиғи өнімдермен қоректендіру дұрыс деген шешімге келді және барлық көжек асыраушыларға сондай кеңес береді.







