Квест ойыны
29 наурыз күні бастауыш сыныптар арасында "Ойлан. Ізде.Тап" тақырыбымен квест ойыны ұйымдастырылды. Қатар сыныптар үшін бір мезетте өткізілді. 2-сыныптардан 3 топ, 3-сыныптардан 4 топ, 4-сыныптардан 3 топ өзара тартысқа түсті. Ойынның мақсаты: қатысушыларды ұйымшылдыққа, алған білімдерін өмірде қолдана білуге бағыттау; проблемалық мәселелерді оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға және өзіндік пікірді дамытуға баулу болды. Квест ойыны арқылы оқушының мінезін анықтауға болады. Адамның қиындыққа тап болған кездегі әрекеті, шынайы бетпердесін көрсетеді, бірлесе әрекет ету ойыншылардың психологиясынан хабар береді. Ойнай отырып, ойлайды. Бұл ойын –"Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін" қағидасына негізделген. Әрекет етуге, топ үшін күресуге, жеңіске жетуге бейімдейді. Әр параллель өзіндік ерекшеліктерімен көріне білді. Атап айтқанда, 2-сыныптар арсындағы ойын белсенділіктерімен, 3-сыныптар тапқырлықтарымен, 4-сыныптар шығармашылықтарымен ерекшеленді. Ойын жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.








