26
февраль
2021
«Математика және экология» кіріктірілген сабақ
5 «В» сыныбында математика пәні мұғалімі Косбармакова А.К. «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбы бойынша «Математика және экология» кіріктірілген сабағын өткізді. Сабақта оқушылар экологиялық мазмұндағы есептер шығарды. Оқушылар ондық бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбы бойыншы алған білімдерін практикада қолданды, есептердегі экологиялық мәселелерді байқап, осы мәселелерді талдап, оларды шешу жолдарын талқылап, әр есеп соңында қорытынды жасады. Балалар сабаққа белсенділікпен қатысты. Сабақ соңында оқушылар туған өлкесінің экологиялық мәселелерін түсініп, өзіндік көзқарастары қалыптасты.





