24
ноябрь
2022
Үзіліс кезінде 4 сыныптар арасында " Funny English " тақырыбында ойын өткізілді.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттыра отырып, өткен тақырыпты қайталау; коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру болды. 4 «А», 4 «Б», 4 «В», 4 «Г» сыныптарынан қатысқан оқушылар белсенділіктерімен көзге түсіп, жақсы нәтижелер көрсете білді. Ойын соңында белсенділік танытқан қатысушыларға тәттілер берілді. Ұйымдастырған ағылшын тілі ұстаздары: А.Мухаметкалиева, А.Нурхамитова.
