25
ноябрь
2022
«Жылдам грамматика» ойыны ойнатылды
Бастауыш сынып онкүндігінің 5-күні үзіліс арасында 3-сыныптарға «Жылдам грамматика» ойыны ойнатылды. Мақсаты: оқушының тілін, ой-ұшқырлығын дамытып, тапқырлыққа жетелейді, өзіндік пікір айтуға жағдай жасады және пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ойын 2 бөлімнен тұрады. 1-бөлім «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл бөлімде оқушылар орны ауысқан әріптерден сөздер құрастырса, «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» бөлімінде сөз арасында түсіп қалған әріптерді тауып, сол әріптерді қимылмен көрсетті. Ойынға балалар бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдады.
Ұйымдастырған: Аманкулова А.Ж., Нугуспанова Ш.Т.
Ұйымдастырған: Аманкулова А.Ж., Нугуспанова Ш.Т.
