28
март
2022
4-сыныптар арасындағы «Алтын ұрпақ» ойыны
28 –наурыз күні 4 сыныптар арасында «Алтын ұрпақ» интеллектуалдық сайысы өтті. Сайысқа оқушылар белсенділікпен қатысты.
1 тур – «Тез ойла!» Сұраққа жылдам жауап берді
2 тур- «Тұлғаны тани біл!» Атақты тұлғалар жайлы білімдерін ортаға салды.
3 тур- «Сөз мәйегі».Мақалдың жалғасын тауып, тіл шеберлігін көрсетті.
4 тур- «Тауып көр». Санға қарап, сол санмен байланысты мағлұматтарды айтты.
5 тур – «Кім жылдам?» 1 минут ішінде берілген сөзден бірнеше сөз құрап жазды. Оқушылар демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізілген сайысқа қызығушылықпен қатысты. Аталған сайыс әлі де жалғасын табады. Оқушылар білімдері де шыңдала түспек.
