Кураторлық әдістеме, «Ақылды үшінші» жұмысының қорытындысы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Кураторлық әдістеме, «Ақылды үшінші» жұмысының қорытындысы

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

09
июнь
2023

Кураторлық әдістеме, «Ақылды үшінші» жұмысының қорытындысы

          2022-2023 оқу жылында мектебімізде «Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасын жүзеге асыру өз жалғасын тапты. 1-3 сыныптарда сабақ беретін ұстаздар «Кураторлық әдістеме» («Ақылды үшінші») бойынша 5 топ құрып, 1-сыныптарда 24 сабақ, 2-сыныптарда 20 сабақ, 3-сыныптарда 26 сабақ, жиыны – 70 сабақ өткізілді. Негізгі мақсат – ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибелерін толықтыру, командада жұмыс жасап, кездескен проблемалар шешімін бірлесе табу болды. 

                   1-3 сыныптар арасында құрылған «Үштіктер» кестесі


Топ ұстаздары

Сыныптар

Куратор «Ақылды үшінші»


1

Шиянова А.З.

Оразгалиева С.С.

«А»

1 «Б»

Нугымарова Г.Р.


2

Кутешова Ж.С.

Ихсангалиева М.К.

«В»

1 «Г»

Нургалиева Б.К.

3

Батырханова Г.А.

Нургалиева А.Т.

«А»

2 «Г»

Сарсембинова М.К.

4

Серикболова Б.С.

Божканова Л.Б.

«В»

3 «Б»

Курмашева А.А.

5

Нугуспанова Ш.Т.

Аманкулова А.Ж.

«А»

3 «Б»

Казангапова А.К.

Жұмыс алгоритмі:


  1. «Үштіктер» тобы құрылып, ортақ мақсат қойылды.
  2. Ай сайын өткізілетін сабақтар циклы бойынша кесте жасалды.
  3. Сынып қажеттілігін ескеріп, оқушылар мүмкіндігіне сай әдіс-тәсілдер таңдалып алынды. 
  4. Бірлесе отырып сабақ жоспарлары жасалды.
  5. Куратормен бірге сабақтарға қатысу жүзеге асырылды.
  6. Қол жеткізген мәселе, сабақ барысында орын алған олқылықтар екшеленді.
  7. Өткізілген сабақтар бойынша сараптамалар жасалды.
  8. Рефлексиялық есеп жазылды.
  9. Куратор кері байланыс беріп отырды.
  10. Келесі циклда оқытылатын пән анықталып, сабақ қайта жоспарланды.


Қол жеткен нәтиже: "Сыныпты көру", оқу мақсатына қол жеткізу үшін барлық баланы қамту, білімді оңтайлы меңгеруге қолжетімділік,  білім сапасын арттыруға   мүмкіндік жасау осы технологиямен жұмыс жасаған ұстаздардың алға қойған негізгі міндеттері болды. Олар аталған мақсат, міндеттерді орындауда біршама жетістіктерге қол жеткізді: сынып деңгейіне сай әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап алу, әр кезең тапсырмаларын нақты критерийлер негізінде жоспарлау, уақытпен өлшеу, жіберілген кемшіліктерді ескере отырып, ортақ шешімін табу. Бұл өз кезегінде білім алушылар қызығушылығын арттыруға, оқу үрдісінің  белсенді өтуіне жол ашты. Сонымен қатар, бірқатар кемшіліктердің де орын алғанын айта кетуге болады: бірсарынды тапсырмалардың берілуі, оқушылар қажеттілігін ескермей шамадан тыс тапсырмаларды жоспарлау, әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдап алмау, деңгейлік тапсырмаларды берумен шектелу, дамытушылық бағыттағы тапсырмаларды енгізбеу, үлгерімі төмен оқушыларды назардан тыс қалдыру; таңдап алынған әдіс-тәсілдердің бір сыныпта сәтті, екінші сыныпта сәтсіз шығу жағдайлары. Осының бәрі – ұстаздардың әдістемелік құзыреттіліктерінің кемшін тұстарын көрсетті. Өзіндік білім алуға ден қою, көп ізденудің уақыт күттірмейтінін дәлелдеп берді.

Ұсыныс: аталған технологиямен жұмыс жасап жатқан ұстаздар әр кезең тапсырмаларын нақты критерийлер негізінде жоспарлауға ден қою; сынып ерекшелігін ескеру, «оқушылар қажеттілігін» басты назарда ұстау; сабақ кезеңдерін уақытпен өлшеу; жіберілген кемшіліктерді ескере отырып, ортақ шешімін бірлесе табу.

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:             А.А.Курмашева.




Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее