«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасының жүзеге асуы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасының жүзеге асуы

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

01
июнь
2022

«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасының жүзеге асуы

2021-2022 оқу жылының II жарты жылдығынан бастап, мектебімізде «Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы жүзеге асырылған болатын. Осы жоба негізінде 1-3 сыныптарда сабақ беретін ұстаздар «Кураторлық әдістеме» («Ақылды үшінші») бойынша 5 топ құрып, 1-сыныптарда 24 сабақ, 2-сыныптарда 20 сабақ, 3-сыныптарда 26 сабақ, жиыны – 70 сабақ өткізілді. Негізгі мақсат – ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибелерін толықтыру, командада жұмыс жасап, кездескен проблемалар шешімінбірлесе табу болды. "Сыныпты көру",оқу мақсатына қол жеткізу үшін барлық баланы қамту, білімді оңтайлы меңгеруге қолжетімділік,  білім сапасын арттыруға   мүмкіндік жасау осы технологиямен жұмыс жасаған ұстаздардың алға қойған негізгі міндеттері болды. Олар аталған мақсат, міндеттерді орындауда біршама жетістіктерге қол жеткізді: сынып деңгейіне сай әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап алу, әр кезең тапсырмаларын нақты критерийлер негізінде жоспарлау, уақытпен өлшеу, жіберілген кемшіліктерді ескере отырып, ортақ шешімін табу. Бұл өз кезегінде білім алушылар қызығушылығын арттыруға, оқу үрдісінің  белсенді өтуіне жол ашты. Сонымен қатар, бірқатар кемшіліктердің де орын алғанын айта кетуге болады: бірсарынды тапсырмалардың берілуі, оқушылар қажеттілігін ескермей шамадан тыс тапсырмаларды жоспарлау, әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдап алмау, деңгейлік тапсырмаларды берумен шектелу, дамытушылық бағыттағы тапсырмаларды енгізбеу, үлгерімі төмен оқушыларды назардан тыс қалдыру. Осының бәрі – ұстаздардың әдістемелік құзыреттіліктерінің кемшін тұстарын көрсетті. Өзіндік білім алуға ден қою, көп ізденудің уақыт күттірмейтінін дәлелдеп берді.


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее